Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды.Құжат қабылдаудың алғашқы күні Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім берілді. Құжат қабылдау және конкурстық іріктеу үрдістері толығымен автоматтандырылды. Үміткерлер еліміздің кез келген аумағынан құжат тапсыра алады», деп жазды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин желідегі парақшасында.

Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. Тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Сонымен қатар техникалық мамандықтарға «Болашақ» бойынша берілетін грант саны 60 пайызға өсті.
24 мамыр 2022 ж. 625 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 141

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 157

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031