Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қалыптасқан бағалар және оларды тұрақтандыру туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қалыптасқан бағалар және оларды тұрақтандыру туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (әрі қарай - ӘМАТ) бағасын тұрақтылығын бақылау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан күнделікті мониторинг жасалынып, оларға талдау жүргізіліп отыр.
Баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде орналасқан 11 ірі сауда орындарымен ӘМАТ көтерме тасымалдаушыларымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 13 ақпан күні меморандум жасалды.
Сонымен қатар, бірінші сұрыпты әлеуметтік бидай ұнын таратушы жеке кәсіпкер Л. Мырзағұлова мен «Байқоңыр» ӘКК»АҚ-ы тарапы арасында келісім шарт жасалынды. Жасалынған келісім шартқа сәйкес, жыл басынан бері 90 тонна әлеуметтік ұн әкелініп, наубайханаларға таратылды.
Сондай-ақ,басты пияз бен картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері жеке кәсіпкерлер А. Әбенова мен Қ. Еңсепбаев «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан 2 тонна картоп, 19 тонна басты пияз өнімін алып, халыққа нарық бағасын төмен бағада сатылымға шығарылды.
«Наурыз» мереке қарсаңында а.ж. 18-ші наурыз күні аудан орталығында ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер бірлесіп, жалпы көлемі 58 тонна өнім 20 дана автокөлікпен нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада жәрмеңкеде өнімдері сатылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында а.ж. 1,2 сәуір күндері Әйтеке би кентінде «Халықтық» дукен мен «Ali-Nur» сауда үйінде ет пен картоп, көкөніс өнімдері нарық бағасынан төмендетілген бағада ұсынылды.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап әр аптаның сейсенбі күндері Аманат партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы бақылау тобы әлеуметттік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағалары мен жанармай, дәрі- дәрмек бағасы мен қорына мониторинг жұмыстары өз бөліміміз және кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімдер мамандарымен жүргізілуде.
Аудан орталығында орналасқан ірі сауда орындары кәсіпкер иелерімен сатылымдағы өнімдерінің шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды.
22 сәуір күні жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, барлығы 5 көлікпен 25 тонна өнімдер әкелді. Оның ішінде ұн, өсімдік майы, макарон өнімдері, балық, картоп, көкөніс өнімдер төмендетілген бағада сатылды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында Қазалы қаласында ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылықтар халыққа күнделікті тұтынатын өнімдері әкелініп, нарықтан төмендетілген бағада ұсынылды.

А.МАМАЕВА,
Аудандық ауылшаруашылығы мен
жер қатынастары бөлімінің әдіскері
13 мамыр 2023 ж. 308 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930