Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет экспорттайтын тыңайтқыштың тізімін бекітті

Үкімет экспорттайтын тыңайтқыштың тізімін бекітті

Тыңайтқыш тапшы болмау үшін шектеу енгізіліп отыр.
Үкімет қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты. Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды.
Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр. Осылайша, кеден органдары елімізде субсидияланатын тыңайтқыштарды өндірушілерден бөлек нарық субъектілері экспорттаған фактілерді де тіркеуде. Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.
Сондықтан Үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады. Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек.
Айта кету керек, қабылданған қаулы негізінде заңда белгіленген мерзімде тиісті лицензиялар беру тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленетін болады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті лицензия берумен айналыспақ.
17 мамыр 2023 ж. 303 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930