Зор нәтиже күттірген Фиброскан
Қазалы теміржол ауруханасы ғасырдан аса халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан медициналық орталық. Мұнда білікті мамандар тұрғындардың денсаулығын түзеуде күн-түн дамылсыз тер төгеді. Ал осы ақ халаттылар жұмысы сапалы орындалуы үшін әрине соңы үлгідегі технологияны қолдану заман талабы. Бұл ретте Қазалы теміржол ауруханасына басшылық етіп отырған Құбыл Ршымбетовтың еткен еңбегі еселі. Талапшыл басшы соңғы жылдары бірқатар жаңа жабдыққа қол жеткізді. Мұнымен білікті басшы тоқтамақ емес. Ол жақында тағы ақжолтай жаңалығымен бөлісті. Жақында француз фирмасы «Echosens» патенттеген «Фиброскан» технологиясына қол жеткізді. Медициналық тілде айтқанда, ультрадыбыстық импульсті эластометрия деп те аталады.
– Фиброскан – сандық көрсеткішті қамтиды. Бауыр фиброзы, қаттылығын анықтау арқылы бауыр тінін бақылайды. Артықшылығы – денеге енгізбей, ауыртпалықсыз және инвазивті емес зерттеу мүмкіндігіне ие. Заманауи аппарат арқылы бауыр фиброзын анықтауға септігін тигізеді. Яғни көптеген фактордың нәтижесі спирттік ішімдікке құмарлық, вирустық гепатит және тағы басқа да аурулар бауырдың созылмалы қиындықтарына әкеп соғады. Бұл зақымдалған бауыр жасушаларын алмастыратын тыртық тінінің пайда болуына әкеледі. Ол бауырдың құрылымын анатомиялық және функционалды түрде бұзады. Оның прогрессиясы циррозға әкелуі мүмкін, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының бас гинекологы Индира Опабекова.
Неліктен фиброскопия жасау керек? Оның қажеттілігі бар ма? деген сұрағымызға: «Дәрігер бауыр фиброзының ауырлығын бағалау үшін фиброскопия жасайды. Сараптама оның барысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұны емделіп жатқан гепатиттің мониторингін жасауда, асқынуларын бақылау, цирроз, кейін асқынуларды анықтаңыз, бауыр трансплантациясы және бауыр ісіктерін сипаттайтын жағдайларда қолдануға болады. Бауыр фиброзын бағалауды да жасауға болатынын ескерген жөн. Бауыр биопсиясы (бауыр жасушаларын алу) немесе қан анализі арқылы, бірақ бұл зерттеулер фибросканнан айырмашылығы инвазивті түрде жасалады. Ал фибросканмен процедура ауыртпалықсыз және ультрадыбыспен салыстырылады» деді Индира Ахметуллақызы.
– Фиброскопияэластометрия немесе эластография импульсті басқарылады. Ол бауырдағы соққы толқынының таралуын бағалау және оның серпімділігін өлшеу үшін қолданылатын әдіс. Толқын неғұрлым тез таралса, бауыр соғұрлым қатты болады, сондықтан фиброз соғұрлым үлкен болады.
Ол үшін дәрігер оң қолын бастың артына қойып, жатып науқастың терісінің бетіндегі қабырға арасына зонд қояды. Зонд төмен жиілікті толқын шығарады. Бұл бауыр арқылы өтіп, зондқа толқын жібереді. Құрал бауырдың серпімділігін бағалау үшін осы жаңғырықтың жылдамдығы мен күшін есептейді. Зерттеу кезінде шамамен он жарамды өлшеу жүргізілуі керек, – дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, фибросканнан зор нәтиже күтуге болады. Бұл құрылғымен тексеру 5-15 минутқа дейін созылады. Бауырдың серпімділігі килопаскальмен өлшенеді. Алынған мән 10 өлшеудің медианасына сәйкес келеді және фигура 2,5 пен 75 кПа аралығында тербеледі. Осылайша бауырдың зақымдануына байланысты серпімділік көрсеткіштері өзгереді. Бұл аралықта фиброз азды-көпті анықталады және әртүрлі кезеңдер сипатталады.
Бұл аппарат бауырдың зақымдану деңгейін дұрыс бағалауға және ауруды болжауға, бауырдың созылмалы диффуздық ауруларының динамикасын, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуын бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса бауырдағы онкологиялық ошақты анықтауда маңызы зор. Биыл мамыр айынан бастап зерттеу жүргізіледі. Аппаратқа түсу күнделікті түске дейінгі уақытта қабылдау болады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА