Маған әскер үйретті...
«Әскерге бару – ер жігіттің басты парызы. Мен Германия жерінде болдым. Әскердегі темірдей тәртіп пен тазалық, қырағылық, сапта тізілген сарбаздардың бейнесі әлі күнге менің жадымда. Ол кездері ер азаматтар екі жыл елден жырақта Отан алдындағы парызын өтеуге аттанатын. Әкем мені «ауру» деп анықтама алдырып, ауылда қалғанынымды қалапты. Алайда әскерге баруға бекінген мен қайта медициналық тексеруден өткізуді талап етіп, шу шығарғаным әлі күнге есімде. Сол уақытта әскерге бармау жігіттерге сын болатын. Біздің қатарымыздың басым көпшілігі қару ұстап, сарбаздар қатарынан табылды. Одан жаман болмадық. Көргеніміз, көкейге түйгеніміз көп болды. Германия елінің табиғаты мен ауа райы, тазалығы адамды еріксіз өзіне баурайтын. Түрлі ұлт өкілдерімен достасып, тіл табыстық. Ара-тұра шекісіп қалған кездерімізде жоқ емес», – деп әкем әскердегі сәттерді сағышыпен еске алғанда қыз бала болсамда қызыға тыңдайтынмын.
Әкемнің әңгімесі бұнымен бітпейтін. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін әскери өмірді мақтанышпен сөз еткенде ұйып тыңдап қаламын. Кенет көкейімде «Қазіргі жастар Отан алдындағы борышын өтеуге неге құлықсыз?» деген сауал туындай кетеді. Барлығы бірдей әскерден қашпаса да, құлшынып тұрғандар саны жыл санап кеміп келе жатқанын естігенде еріксіз ойға қаласың? Осы орайда біз әскери өмірдің ыстық-суығына төзіп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін сарбаздық кезеңді бастан кешкендермен ой бөліспекпіз.
Әкемнің әңгімесі бұнымен бітпейтін. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін әскери өмірді мақтанышпен сөз еткенде ұйып тыңдап қаламын. Кенет көкейімде «Қазіргі жастар Отан алдындағы борышын өтеуге неге құлықсыз?» деген сауал туындай кетеді. Барлығы бірдей әскерден қашпаса да, құлшынып тұрғандар саны жыл санап кеміп келе жатқанын естігенде еріксіз ойға қаласың? Осы орайда біз әскери өмірдің ыстық-суығына төзіп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін сарбаздық кезеңді бастан кешкендермен ой бөліспекпіз.
– Армияға 1980 жылы 18 жасымда Қиыр Шығысқа аттандым. Алғашында Владивосток деген қалаға түстік. Сол жерде әскери киімді киіндірді. Одан әрі 4 жарым сағат жүріп, Дунай деген поселкеге бардық. Арғы жағымызда жобамен 3.5 шақырым жерде Жапон теңізі бар еді. Сол жақта теңіз жаяу әскерінде болдым. Кеңес одағының кезінде 15 одақтас республикадан келген ұлт өкілдерінің бәрімен тату-тәтті араласып, бір-бірімізді қолдап жүрдік.
Әскери өмірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Таңертең алтыда тұрып жүгіреміз. Күніне бес сағат қару-жарақты асынып алып жүгіргенде алғашқы сәттері қиын болды. Кейін үйренісіп кеттік. Қарамағымызда стратегиялық маңызды ракеталар болды. Соларды қорғайтынбыз.
Аптасына екі рет мылтық атуға барамыз. Екі жылдың ішінде мен мергендердің қатарында болдым. Отыз ұпай алсаң, демалыс беретін. Мен 28-29 ұпай алып жүрдім. Аптап ыстық пен қақаған қыста төзімділік таныттық.
Әскер – ер жігітті шыңдайды, шыдамдылыққа үйретеді. Отансүйгіштікке баулып, елді-жерді қорғауға машықтандырады. Қазіргі жастардың құлықсыздығын жігерсіздікке балар едім. Жігіттер жеңіл ойдан арылып, намысты жоғары қойса, алынбайтын қамалдың жоқтығына сенемін.
– Мен Отан алдындағы борышымды 2012-2013 жылдары Ақтаудағы теңіз жаяу әскери бөлімшеде өтедім. 2014 жылы Астана қаласындағы әуе десанттық шабуылдау бригадасына келсімшартқа отырып, ДШВ, бір жылдан соң ЦСК-ға ауыстым. Сарбаз болғанымда аға жүргізуші, келісімшартпен еңбек еткенімде атқыш және жүргізуші қызметкерін атқардым. ЦСК-ға ауысқан соң, спорттық ойын түрлері бойынша команда жетекшісі болдым.
Бала кезімде әскер туралы фильмдерді қызығып көретінмін. Осылайша санамда «Мен де ержеткенде сарбаз боламын» деген ой қалыптасты. Әскерге шақырту келгенде қуана-қуана бөлімшеге жеттім. Әскер жігіттің бойындағы ер азаматқа тән ерік-жігерді одан әрі ұштап, жігерін жаниды. Төзімділікке баулып, тәртіпке бас идіреді. Қолға қару ұстап, граната жаруды үйрендік. Тәртіп пен тазалық ең басты орында. Өзіңнің киімің мен төсек-орныңның тазалығына мұқият болуың шарт.
Әскерде жүргенде екі рет парашютпен секірдім. Бойымда қорқыныш сезімінен гөрі қобалжу көп болды. Алайда бар күншімді жинап, тәуекелге бел будым. Ойлаған мақсатымды сәтті орындап шыққанымда өзіме деген сенімділігім одан әрі арта түсті. Адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Тек ниет болса болғаны. Бүгінгі жастардың арасында: «Әскерге барып бір жыл уақыт жоғалтқым келмейді. Соғыс болса, қару асынармыз» деген пікірдегілер көп. Мәселе онда емес ғой. Ер жігіт өзін кез келген сынақта сынап, парыз болып саналатын міндеттерді орындауға тиіс.
– Әскер қатарында болып, Отанына адал қызмет ету – әрбір ер азаматтың борышы. Мен 2010-2011 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы №27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтедім. Әскери қызметте болып, Отанға қызмет еткен жылдарым үшін мақтанамын.
Әскерге барған ер жігіт рухани жағынан үлкен дайындықпен баруы керек. Ер жігіт батыр, намысшыл болуы тиіс. Маған әскер темірдей төзім мен сарқылмас сабырлылықты дарытты. Туған үйден жырақта жүргенде ата-ана мен бауырға деген махаббатты, сыйластық пен сағынышты арттырды.
Әскер маған әсіресе, қандай қиындық болса да табанды болуды, шыншыл, намысшыл болуды үйретті. Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған, ниетті барша ер-азаматтарды әскери қызметті өтеп қайтуға шақырамын.
Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Биік рухты, өр мінезді, білімді де білікті азаматтарымыз көп болсын.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА