Борышыңды өте, батырым!

Серік Саянов, Майор, Қазалы аудандық қорғаныс бөлімі басшысының қызметін атқарушы:
– Өткен жылғы статистикаға қарағанда биылғы борышкерлер саны өте төмен.
2021 жылы әскерге шақырылғаны – 493 болса, оның 321-і медициналық комиссиядан өтуге келген. Алайда іріктеуден 73-і ғана өтіп, әскерге баруға қауқарсыздар саны 62 болды. Іздеуде – 172 азамат тіркелген.
Ал ағымдағы жылда 394 жасқа шақыру жіберіліп, тексеруден өтуге 74 жас келді. Оның 5-еуі жолданып, қалған 22-сі жарамсыз деп танылды. Іздеуде тұрғандар саны – 320-ға жеткен.
Бұл дегеніміз борышкерлердің Отан алдындағы борышын өтеуден жалтару. Бұндай жағдайда әскерге барудан бас тартқан қашқан азамат ҚР Конституциясының 387 бабымен жауапқа тартылады.
Ертеде ата-бабалар елін-жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған. Әскерден қашып жүрген борышкерлерге айтарым «Отан – отбасынан басталады». Ендеше осы отбасын қорғайтын қырағы жігіттердің қатарынан болғайсыздар.
Айжамал Алданышқызы, Ата-ана:
– Қазіргі таңда 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмын. Әлеуметтік желіні шулатып жүрген түрлі бейнебаяндарды көрген соң, баламды жіберуге жүрегім дауаламады. Бірі басынан зақым алып есінен алжасып жатса, ал енді бірі ақ матаға оралып қайтып жатыр.
Әйтсе де балам «әскерге барамын», деп қоймай отыр. Ер жігіттің мойнында, қыл арқан шірімейді. Бірақ барша ата-ана секілді мұндай жәйттарды көріп отырған соң мен түбегейлі қарсымын.
Еркебұлан Әли, әскери борышын өтеп келген жас буын:
– Шыныменде көбісі әскер десе басын ала қашады. Мен әскери комиссиядан өтіп, денсаулығым дімкәс болмағандықтан Семей қаласына жолдандым. Сөйтіп, 2019-2020 жылдар аралығында 27943 әскери бөлімнің 2-інші танк батальоны, 6 ротасында Отан алдындағы борышымды өтеп қайттым. Онда ең бірінші салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі қарумен атуды және темірдей тәртіптің арқасында нағыз ер жігіттің қалай дайындалатынын көрдім.
Көктемгі шақыру алған жігіттерге айтарым, әскерден жалтарудың керегі жоқ. Себебі бұл әрбір қазақ азаматының міндеті.
Серік АҚМЫРЗА