Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күндері қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттері жұмыс істей ме?

Мереке күндері қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттері жұмыс істей ме?

Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.Алда келе жатқан 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы aikyn.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінен адамдар, көліктер мен жүк өткізілмейді.
Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Комитет тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуді жоспарлап отырған барша көпшіліктен шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұрайды.
05 мамыр 2023 ж. 335 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031