Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күні: Жалпыұлттық бірліктің айғағы

Республика күні: Жалпыұлттық бірліктің айғағы

Сыр елінде Ұлттық мерекеге ұйымдастырылатын іс-шаралардың бір бағыты - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау. Бұл бағытта ғылыми конференциялар, шығармашылық кештер, фестивальдар, форумдар, дөңгелек үстелдер мен танымдық кездесулер, ашық сұқбат алаңдары, тақырыптық лекциялар ұйымдастырылатын болады.
Атап айтқанда, Қорқыт Ата университетінің базасында 21 қазанға «Егемендік декларациясы: Тәуелсіздіктің бастауы» атты шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоспарланған.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік тілді қызмет тіліне айналдыру» тақырыбындағы облыстық семинар, Қазақстан халқы Ассамблеясы институты аясында түрлі этностар арасында танымдық кездесулер, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамаларын қолдауға арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі өткізіледі.
Бұған дейін мерекелік күнтізбе аясында 2023 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға арналған жобаларды жария талқылау кездесуі, Қызылорда облысы медиаторларының форумы ұйымдастырылған болатын.
20 қазан 2022 ж. 886 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930