Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл көкөністерді ұзақ мерзімге сақтайтын 29 қойма салынады

Биыл көкөністерді ұзақ мерзімге сақтайтын 29 қойма салынады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарының аралық нәтижелерін айтты, деп хабарлайды inform.kz.
Кешенді жоспар аясында 2021-2022 жылдары жалпы сақтау көлемі жоспарланған 181,5 мың тоннаның орнына 200,8 мың тоннаға 37 жоба атқарылған.
«Осылайша жоспарланған көрсеткіштер 110 пайызға орындалды. 2023 жылдың соңына дейін 111,5 мың тонна өнімге 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ретте сақтау қуаттарымен қамтамасыз ету бойынша нақты көріністі белгілеу үшін министрлік Сауда және интеграция министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, санаттары бойынша бөлініп, барлық қоймаларға тексеру жүргізеді. Тексеру қорытындысымен 2023-2025 жылдарға арналған жоспар қайта қаралады», - деді Е. Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауды реформалау жұмысы шеңберінде өнімнің тауарлық сипатын сақтай отырып, ұзақ мерзімге сақтайтын арнайы жабдықтары бар заманауи қоймаларды салу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін 25%-дан 50%-ға дейін арттыру жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін министр көкөніс бағасының маусымдық қымбаттауын болдырмау үшін сақтау қоймаларын күшейту қажеттігін айтқан еді. Оның айтуынша, Қазақстан негізгі көкөністермен ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр.
02 мамыр 2023 ж. 233 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930