Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ораза кезінде жарапазан айту дәстүрі қайдан шыққан: мамандар пікір білдірді

Ораза кезінде жарапазан айту дәстүрі қайдан шыққан: мамандар пікір білдірді

Рамазан айында жарапазан жыры айтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл дәстүрді сирек естіп, оның не үшін айтылатыны халық арасында ұмытылып барады, деп хабарлайды nur.kz
Телеарна мәліметінше, жарапазан - рамазан айы келгенін білдіріп, сүйінші сұрап ғана қоймай ислам дінін әуен арқылы насихаттайтын дәстүр. Бұрындары жарапазан сәресінде айтылған. Бұрынғы кезде бұл әуен сәресінде айтылған. Ал, имамдар қазір барлық адам бірдей ауыз бекітпейді. Сондықтан ауыз ашқан уақытта айтқан дұрыс дейді. "Жарамазан деген сөз "Жә Рамодан" деген арабтың сөзінен келді. Рамодан деген рамазан айы келді деген мағынаны береді. Кейбір түркі халықтарынан айтылатын осы сөз. Мысалы түріктер, өзбектер жарамазан деп айтса, кейбір түркі халықтары жарапазан дейді", - "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы Ильяс Отаров. Сонымен қатар телеарнаның ақпаратынша, жарапазанның нақты шығу тарихы жоқ. Этнографтар жарапазан ислам діні енгеннен кейін пайда болғанын алға тартады. Этнографтардың айтуынша, кейін мұндай әндерді күллі мұсылманның ұлық мерекесі - рамазан айы туған кезде орындау дәстүрге айналған. "Жарамазан жыры - өлең күйінде айтылатын діни тілектердің қатарына жататын сондай бір салт-дәстүр. Қазақ халқы осы рамазан айын пайдаланып бір жағынан діни қағидаларды халық ортасында насихаттау үшін осындай жарапазан жырларын пайдаланғанын көреміз", - дейді тарихшы, этнограф Мақсат Алпысбес.
12 сәуір 2023 ж. 661 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 78

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930