Цифрландыру Қорғаныс саласының қызметін оңтайландырады
Бүгінде әскердің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасып келеді. Бұған дейін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Бұл жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Елдегі цифрлық трансформация шеңберінде Қорғаныс министрлігі қызметтің барлық бағыты бойынша қажетті жұмысты ұйымдастыруда. Соңғы 2-3 жыл ішінде жергілікті әскери басқару органдарын цифрландыру іс-шаралары жүзеге асырылып келеді. Әскери комиссариаттарды цифрландырудың негізіне цифрлық форматқа көшіруге, әскери комиссариаттар жүйесінің жұмыс істеуіне оң ықпал ететін іс-шаралар бар. Ол қызметтің барлық бағыты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде де бизнес-үдерістерді оңтайландыруды қамтиды. Жергілікті әскери басқару органдарын цифрлық трансформациялаудың мақсаты – қызметтің тиімділігін арттыру, жұмылдыру ресурстарын есепке алу сапасын жақсарту, оларды цифрландыру және автоматтандыру арқылы қызметтің барлық бағыттары бойынша үдерістерді оңтайландыру.
Қорғаныс министрлігі атқарған жұмыстың нәтижесі бастапқы көздерден, яғни мемлекеттік органдардан қызмет бағыттары бойынша мәліметтер алу есебінен адам және көлік ресурстарын әскери есепке қоюды толық автоматтандыру болып отыр. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі еліміздің азаматтарына қатысты жан-жақты цифрландыруды да қарастырады. Қазіргі уақытта өмірімізді ұялы телефон, планшет немесе компьютер сияқты әртүрлі құрылғысыз елестету мүмкін емес. Сол себепті заман талабына сәйкес келетін ақпаратты жаңа нысанда ұсыну қажеттігі туындады. Өткен жылдың соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елде QR арқылы ақпараттық жүйелерге қол жеткізу тетігін енгізу туралы хабарлаған болатын. Қорғаныс министрлігі де цифрландырудан тыс қалмайды.
Қорғаныс министрлігі клиентке бағдарланған тәсіл саясатын ескере отырып, ел азаматтарының қатысуы мен қамтылуын арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында QR көмегімен халықты ақпараттандыруға болатын өзіндік ақпараттық панель әзірледі. Аталған QR-кодын тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа деп атауға болмайды. QR-код – бұл шындық пен виртуалды әлем арасындағы байланыс түрі. Осыған сәйкес QR-кодтар ашқан мүмкіндіктер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кеңейді. Кез келген заманауи телефон немесе планшет QR-кодтан ақпаратты бірнеше секунд ішінде еш қиындықсыз оқи алады.
Қорғаныс ведомствосы әзірлеген ақпараттық панельдің арқасында азаматтар Қарулы күштердің құрылымы туралы білуге мүмкіндік алады. Мұнда Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі сияқты басқа әскерлер мен әскери құралымдар туралы да жан-жақты ақпарат орналастырылған. Азаматтар ақпаратты телефонды немесе компьютер-планшетті QR-кодқа апару арқылы ала алады. Сондай-ақ, қаласаңыз, мемлекеттік органның эмблемасының астында орналасқан QR-кодты көрсете отырып, орталық мемлекеттік органдардың басшылығына тікелей жүгінуге де болады. Сонымен қатар бұл панельде жергілікті әскери басқару органдарының байланыс телефондары орналастырылған. Азаматтар кез келген уақытта әскери комиссариаттардың байланыс нөмірлерін таба алады. Сондай-ақ телефондар мен мекенжайларды Instagram аккаунтынан да табуға болады. Ақпараттық панельде жергілікті әскери басқару органдары көрсететін бірқатар мемлекеттік қызметтер де орналастырылған. Яғни азаматтар осы немесе басқа мемлекеттік қызметтерді алғысы келсе, мемлекеттік қызметтің жанында орналасқан QR-кодты көрсете алады және олар тапсыруға тиісті құжаттардың нақты тізбесі көрсетілген EGOV парақшасына кіре алады. Әрі Egov-порталдың осы бетінде ұсынылған бейнепрезентациямен де танысуға болады. Сондай-ақ бақылау тақтасында біз мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау туралы ақпараттар да орналастырылған.
Қорғаныс министрлігі ақпараттық панельдерді жергілікті әскери басқару органдарынан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, жергілікті атқарушы органдарда, автобустарда және басқа жерлерде орналастыруды жоспарлап отыр. Осындай мәселелердің бірі ретінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды автоматты форматта әскери есепке қоюды және шығаруды ауыстыру деп атауға болады. Яғни көшу кезінде, азамат мемлекет ішінде қоныс аударған кезде, тіркелген жергілікті әскери басқару органы автоматты түрде әскери есепке ауыстырады. Техникалық тұрғыдан алғанда бұл іс-шара бүгінде іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта сәйкестендіру үшін нормативтік-құқықтық актіге өзгеріс енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Әрине, елдің цифрлық трансформациясы шеңберінде Қорғаныс министрлігі қызметтің барлық бағыты бойынша қажетті жұмыстарды ұйымдастырады. Соңғы 2-3 жыл ішінде жергілікті әскери басқару органдарын цифрландыру іс-шаралары жүзеге асырылып отыр. Әскери комиссариаттарды цифрландыру, яғни қызметтің барлық бағыты бойынша бизнес-үдерістерді, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ынталандыруды қамтитын жергілікті әскери басқару органдары жүйесінің жұмыс істеуін цифрлы форматқа ауыстыруға ықпал ететін іс-шараларға негізделген. Жалпы, цифрлық трансформациялар шеңберінде алға қойған жоспарларымызды айта кететін болсақ, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке автоматты түрде қою. Бұл мәселе бізде, техникалық тұрғыда жүзеге асырылған. Қазіргі таңда министрлік тарапынан қолданыстағы заңнама талатарына сәйкес келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Келесі бір жаңалықтардың бірі – әскери билеттердің әскери қызмет өткермеген азаматтарға берілмеу мәселесі. Оны бәрінен бұрын әскери қызметтің беделін көтеру деп санаймыз», дейді Қорғаныс министрлігі ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.