Шартылдақ: Ұлттық аспаптар жөнінде не білеміз
Қолөнер шеберінің айтуынша, оларға сұраныс төменӨркениетке ұмтылған сайын ұлттық аспаптар ұмытылып барады, деп хабарлайды almaty.tv.
«Нағыз қазақ –домбыра» деу оңай, бірақ дархан даланың дәстүрлі музыкасы домбырамен ғана шектелмейді. Қобыз бен сыбызғыны айтпағанда, сазсырнай мен сақпанды білмейтіндер көп. Ал осындай 60 түрлі ұлттық аспаптың қазір қолданыс аясы тарылып, өндірісі тоқтады. Затаевич алуан түрлі оркестрдің үнін «даланың өзі ән салып тұрғандай» деп суреттеген еді.
Абзал Сәрсен 10 жылдан бері ұлттық музыкалық аспап жасаумен айналысады. Қолөнер шеберінің айтуынша, оларға сұраныс төмен. Тұтынушы болмағандықтан, өндіріс те тұралап қалған көрінеді.
«Сақпан аспабы – бұл көнеден келе жатқан қазақтың аспабы. Бұл сақпан музыкалық оркестрде әнді-күйді сүйемелдеу үшін жасалған», – деді шебер Абзал Сәрсен.
«Адырна» ансамблі, «Сазгенсаз» ансамблі, одан кейін біздің атақты «Отырар сазы» ансамбльдерінде қолданылып жатыр», – деді сыбызғышы Жұмағали Уатхан.
Ұмыт қалған ұлттық аспаптардың қатары аз емес. Бүгінде шартылдаған шартылдақ та ұмытылып барады.
«Шартылдақ деген аспап бар. Бұл – қазақтың баяғыдан келе жатқан аспабы. Балалардың ойыншығы ретінде пайдаланылады. Өзіңіз көріп тұрғандай балалар қатты қызығады, сол үшін қазақ халқы балаларына арнап алып беріп отырған», – деді шебер Абзал Сәрсен.
«Шартылдақ аспабын арнайы күйді әрлеу үшін, маңызды түснда ғана қолданады», – деді сыбызғышы Жұмағали Уатхан.
Өкініштісі, бүгінде әр қазақтың шаңырағынан домбыра да табыла бермейді.
«Әрбір отбасыда домбыра болса, шүкір дейміз. Ал бұл аспаптар енді ғана дамып жатыр. Сол үшін алдағы 5 жылдықта қазақтың кез келген баласы біледі деп ойлаймын. Қолымда сазсырнай аспабы тұр. Қазір кейінгі ұрпаққа дәріптеп жатырмыз», – деді сыбызғышы Жұмағали Уатхан.
Ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, оларды кең түрде насихаттау – негізгі мақсат.