Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2 мыңнан астам адам бизнес-идеяларын іске асыру үшін грант алды

Қазақстанда 2 мыңнан астам адам бизнес-идеяларын іске асыру үшін грант алды

Бірінші ағым аясында барлығы 2 577 грант беріледіКәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлу жөніндегі бірінші ағымның қорытындысы бойынша 2 169 грант берілді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бірінші ағым аясында барлығы 2 577 грант беріледі.
«Үміткерлерден барлығы 24,2 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 14,9 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 3,9 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 2,8 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 1,4 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 898 адам, 69 оралман және 234 қоныс аударушы өтініш берді», - делінген хабарламада.
Өтінімдердің ең көп саны Түркістан облысының (5,2 мың) және Шымкент қаласының (3,1 мың), ең аз саны Ұлытау облысының (155) және Қостанай облысының (272) үміткерлерінен келіп түсті.
Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
«Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады», - делінген хабарламада.
Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
30 наурыз 2023 ж. 286 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 43

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 88

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 137

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031