Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ықыласпен жеткен молшылық

Ықыласпен жеткен молшылық

Қазалыда жыл сайын дала еңбеккерлері өз өнімін тиімді бағада ұсынады. Бұл ретте халыққа ұдайы жәрмеңке ұйымдастыру бір ізге қойылған. Диқандар ала жаздай кетпені иығынан түспей, осылайша жер анадан тиесілі несібесін тауып жүр.
Өткен сенбіде аудан орталығы, вокзал маңында Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен бау-бақша өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады. Азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алу үшін мерекелік жәрмеңкеге келген қазалылықтардың қарасы қалың болды. Қызу сауда орнын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та аралады. Аудан басшысы кәсіпкерлермен және тұтынушылармен тілдесіп, ұсынылған өнімнің сапасын көрді.
Жәрмеңкеге аудандағы азық-түлік тауарларын өндіруші және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынды. Дәлірек айтсақ, барлық ауылдардан 25 жүк көлігіне тиелген 58 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.
Теміржол вокзалы жанындағы «Жалаңтөс батыр» саябағының алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 20 тонна ұн, 5 тонна балық, 15 тонна картоп, көкөніс, 60 литр шұбат, 1 тонна сүт өнімдері, 1,5 тонна күріш, 1 тонна жем, 500 кг ащы кәмпит, макарон өнімдері мен ас майы, 30 бас қой-тоқты шығарылды. Жәрмеңкедегі өнімдер нарықтағы бағасына қарағанда 15-20 процентке төмен болды.
Тұрғындар жәрмеңкеге шығарылған ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ халықтың игілігі үшін жасалатын дәл осындай шаралардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Кеше астығы мол ауданның бетке ұстар брендтерін арқалап бірқатар кәсіпкерлер Шымкент қаласында «SHYMKENT INVESTMENT FORUM – 2023» өңіраралық инвестициялық форумына барды.
Форум жәрмеңкесіне Қазалы ауданының өнім өндіруші кәсіпкерлерінің өнімдері де ұсынылуда. Ауданымыздың бренді саналатын «Қазалы кәмпиті», «Қазалы сабыны» және «Дәмді» сүт өнімдері жәрмеңкеге қойылды.
Серік АҚМЫРЗА
21 наурыз 2023 ж. 389 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 132

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 166

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031