Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл дамуындағы тежеу – өткір мәселе

Тіл дамуындағы тежеу – өткір мәселе

Соңғы уақытта өмірге келген б жаңа дәуір мұрагерлерінің тіл дамуында тежеу бар. Деректерге сүйенсек, бір ғана ауданның өзінде 100 сәби туылса, соның жетпіс-сексенінде осы ақаулардың бары анықталған.
Қазіргі кездегі ғаламтор мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, екіншілік кемістік ретінде сөйлеу тілінің дамуы тежелеген ерте жастағы ауытқулары бар балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе, тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.
Жергілікті жерде бұл бағытта «Қазалы ауданы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1998 жылдан бері жүйелі жұмыс жасап келеді.
Мекеме мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау, 1 жастан 18-ге дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды есепке алу, диагноз қою, балалардың медициналық, арнайы білім беруді алу, арнайы әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етуді, олардың дамуындағы ерекшеліктерін психологиялық-медициналық-педагогтік зерттеуге бағытталған.
– Бүгінде тіл дамуында тежеуі бар балалар қарасы қалыңдап келеді. ПМПК мекемесінде тілін бұзылыстары үш түрлі диагноздағы балалар есепке алынады. Оның алғашқысы сөйлеу тілінің тежелісі (3 жасқа толмаған балаларға қойылатын диагноз) болса, екіншісі жалпы сөйлеу тілінің дамымауының І, ІІ, ІІІ деңгейлері және тұтықпаның ауыр, орташа, жеңіл дәрежесі.
2022 оқу жылындағы жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалар туралы мәліметтерге сүйенсек, білім беру ұйымдарында: жоғарғы және арнаулы оқу орындарында – 3, жалпы білім беретін мектептерде оқитын – 133, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде – 21, балабақшаларда – 162 бала, оның ішінде «Рауан» инклюзивті балабақшасында – 48 бала, №2 «Айгөлек» балабақшасы жанынан ашылған логопунктінде – 13 бала бар. Алғашқы рет 2022 жылы есепке алынған бала саны – 100 болса, есептен шыққан бала саны – 137 бала. Яғни, оң нәтижесі бар балалар санын процентке шаққанда 43% көрсеткішке жетіп отыр.
Оң нәтиже берудің себебі қазіргі таңда аудан бойынша барлық мемлекеттік балабақшаларға және мектептерде арнайы логопед, дефектолог мамандары штатының берілуі болып отыр, – дейді «Қазалы ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Злиха Әбіл.
Әрине тіл тежеуінің аудандағы ахуалы күрделі, дегенмен әрбір нәтижелі істің жемісі де көңіл қуантарлық.
Баланың тіл дамуындағы тежеуі жайында псхиолог маман Айгүл Оңдасынқызынан да біліспек мақсатта қоңырау шалған едік. Ол тіл тежеуіне бірден бір себепкер ол ата-ана жауапкершілігінің төмендігі екенін алға тартып отыр.
– Жалпы өмірге келген әрбір ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Қазір көбіміз сол жауапкершілікті сезініп жүрміз бе? Әрине жоқ. Себебі көп ата-аналар бесіктен белі шықпай, шырылдаған шақалаққа смартфонды беріп, оның дамуына кедергі келтіріп жатыр. «Балғын жылағанын доғарса» болдысына басып, әрі қарай өзге шаруалармен әлек болады. Ол дұрыс емес.
Біле білсеңіз бала тілінің кеш шығуының негізгі себептерінің бірі осы смартфоннан болады. Өйткені ондағы қызықты мультипликациялық бейнероликтерді көрген бала өзіне сөйлеудің, дамудың қажеті жоқ деген пайымға келіп, қолындағы қалтафонға телмірісімен-ақ өткізеді көп уақытын.
Оған қарапайым дәлел, «Саяхатшы Дара» мультфильмі. Онда әлі сөйлеуді дұрыс үйренбеген балақайға түрлі сауалдар қойып, көп күтпестен кейіпкердің өзі жауап береді. Бұған бейімделген балада жоғарыда тоқталғандай «Маған сөйлеудің қажеті жоқ» деген ой қалыптасады.
Мұның алдын алу үшін әрбір ата-ана баланың санасы стандартты жағдайларда сұрақ қойып, жауабын ала алар шағына жетемге дейін баламен сөйлесіп, көбірек көңіл бөлуі қажет, – дейді психолог маман.
Серік ӘЛИҰЛЫ
21 наурыз 2023 ж. 351 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031