Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Татулықты ту еткен тұрғындар

Татулықты ту еткен тұрғындар

Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың қайта түлеген ерекше мерекесі. Жаңа жылдың бастауы болған мейрамды халқымыз тек 22-наурызда ғана емес, ерте көктеммен тойлауды үрдіске айналдырған.
Көршіңмен тату болсаң – көптің бағы» демекші, кент орталығындағы Әбілқайыр хан көшесінің тұрғындары татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп, Ұлыстың ұлы күнін айрықша атап өтті. Ынтымағы жарасқан көршілер бұл күнге үлкен-кішілі болып, жұмыла дайындалған.
– Наурыз мерекесін жылда тойлап жүрміз. Биыл да жылдағы әдеттен жаңылмай тойлауды жөн көрдік. Бірақ бұрын тек үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татумен шектелетінбіз. Бұл жолы көршілер ауқымдырақ өткізсек деген бастама көтеріп, барлығымыз қостай кеттік. Бұл бір жағынан ауызбіршілігіміздің нығайып, бір-бірімізге деген сыйластығымызды одан әрі арттыруға үлкен мүмкіндік. Осы бастама арқылы өскелең ұрпаққа әрқашан бірлікте болуды үндегіміз келеді.
Сондай-ақ балаларымыз ұлттық мерекеміздің маңызын тереңінен ұғынып, санасына сіңіріп өссе екен дейміз, – дейді көше тұрғыны Сапарбек Ашықбайұлы.
Күнделікті күйбеңнен бір сәт уақыт тауып, наурыз мерекесін тойлауды дәстүр еткен тұрғындар бұл күні қазақы дәстүрімізді қайта жаңғыртып, ұлттық ойындарымызды ұлықтады. Көшенің үлкендері төс қағыстырып, бір-біріне жылы тілектерін білдірді. Әйелдер қауымы қазан басында наурыз көже пісіріп, дастарқанға түрлі тағам қойды. Тойға келгендер наурыз көжеден дәм татты.
Содан соң көше бойына жиналғандар арасында арқан тарту, қой көтеру, асық ату сынды ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Көше тұрғындары спорттық сайыстарға белсене қатысты. Сайыс жеңімпаздары, сондай-ақ ұлыс мерекесіне ұлттық киіммен қазақы нақышта киініп келген тұрғындар сый-сияпатқа ие болды.
Думанды тойдың соңында әруақтардың жанына медеу болар деген ниетпен арнайы Құран бағышталып, көше ақсақалы Маханбетжан Сахиев бата берді. «Еліміз аман, жұртымыз аман болсын» деген қария жаңа жылдың берекелі болуын тіледі.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ

21 наурыз 2023 ж. 472 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930