Қазақстанда отау құрғандар мен ажырасқандар саны азайған

2022 жылы қаңтар және желтоқсан аралығында елімізде 128,5 мың жұп некесін тіркеген. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 8,4%-ға аз. Сонымен қатар қалаларда тіркелген неке саны 85,5 мыңға дейін немесе 14%-ға азайыпты. Ауылдарда керісінше отау құрған жұптар саны 5,4%-ға көбейген.
Былтыр ажырасқандар саны 17,7 мыңға жеткен. Бұл да 2021 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға аз. Қалаларда ажырасу дерегі 11,9%-ға азайса, ауылдарда 4,7%-ға көбейіпті.
Аймақтар бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген: 13,6 мың, дегенмен бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6%-ға аз. Үздік үштікте Түркістан облысы(13,3 мың) мен Астана қаласы (10,7 мың) бар.
Ал ажырасу дерегі бойынша Алматы (2,3 мың), Астана мен Қарағанды облыстары (әр аймақта 1,6 мың ажырасу дерегі) көш бастады.