Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастардың шекті жасы 35-ке ұзартылды: оларға арналған қандай бағдарламалар бар

Жастардың шекті жасы 35-ке ұзартылды: оларға арналған қандай бағдарламалар бар

Қазақстанда жастардың шекті жасы заңды түрде 35-ке дейін ұзартылды. Осылайша, елімізде осы санатқа кіретін азаматтардың саны бірден 6 миллионға дейін жетті. Олардың барлығы сан алуан мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. sputnik.kz жастарға арналған қолдау шараларын ұсынады.
2,5 проценттік кредит
Осы айдың басында жастарға арналған жеңілдетілген кредитке өтінім қабылдау басталды. Оны 21-35 жастағы кәсіпкерлер ала алады. Негізгі шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%; қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге; мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы үшін - 7 жыл; кепілзат;
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі. Өтінімдер "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-сында қаралады. Осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді. Биыл барлығы 5 796 кредит беріледі деген жоспар бар.
Жастарға арналған жалдамалы баспана
Бүгінде үш ірі мегаполисте жұмыс істейтін жастарға жалдамалы баспана беріледі. Оны жеке меншікке сатып алуға рұқсат жоқ. Бірақ жалға алу ақысы төмен. Соның арқасында бес жылдың ішінде алғашқы жарнаны жинап алуға болады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
қатысушының 35 жастан аспауы;
Астана, Алматы мен Шымкентте, кем дегенде, 2 жыл тұрақты тіркеуде тұру;
тұрақты жұмыс орны;
жеке меншікте баспананың болмауы;
ақшаны жинауға арналған депозитті ашу;
ай сайынғы табыстың нақты көлемі;
Мәселен, Астанада ондай пәтерлердің жалға алу ақысы 5-15 мың теңгеге шығады. Бірақ бағдарламаға қатысушының ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 мың теңгеден) кем болмауы шарт. Іріктеу кезінде қатысушының ұпай санына қарайды.
Оны есептеу тәртібі:
қатысушының кәсібі қажетті 100 мамандықтың тізіміне кірсе, 10 балл;
отбасы болған жағдайда 5 балл; жеке кәсіпкерлік қызмет үшін (кемінде бір жыл) 5 балл, одан кейін әрбір жыл үшін – 1 балл;
некеде тіркелген әрбір жыл үшін – 2 балл;
бір балаға 1 балл, одан кейінгі әрбір бала үшін – 2 балл;
әр түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда – 2 балл;
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін – 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін-1 балл;
депозиттегі жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл;
Астанада барлық сұрақ бойынша тұрғын үй қорына хабарласуға болады.
Алматыда қоғамдық даму басқармасы, ал Шымкентте отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі басқармасы құжат қабылдайды.
Ипотека алуға болады
Бүгінде "Елорда жастары" мен "Алматы жастары" сияқты ипотекалық бағдарламалар басқа өңірлерде іске қосылды. 2025 жылға дейін оған барлық облыс қосылады. Осы бағдарламамен жастарға жеңілдетілген ипотека беріледі. Әрбір өңірде шарттары әртүрлі.
Мәселен, Астанада 18 миллионның кредитін 25 жылға алуға болады. Бірақ 10 процент көлемінде алғашқы жарнаны салу керек. Ал жылдық мөлшерлемесі – 5 процент. Отбасының табысына да шектеу қойылады. Ай сайынғы көлемі үйдің әрбір мүшесіне шаққанда 243 402 теңгеден аспауы шарт. Басқа өңірлерде ондай талап жоқ. 5 проценттік ипотека алатын мамандықтар да бекітілген.
Олар: денсаулық сақтау; білім; мәдениет; спорт; әлеуметтік сала; журналистер; полицейлер; құтқарушылар; коммуналдық қызметтер;
Бұдан бөлек, Отбасы банкінде "Жас отбасы" деген тағы бір ипотекалық бағдарлама бар.
Жастар практикасы
Қазақстанда білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы да ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – алғашқы тәжірибе жинақтауға көмектесу. Сондықтан 35 жасқа дейін бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса, жастар практикасы бағдарлмасына қатысуға болады. Жастар практикасының мерзімі – 6 ай. Жалақыны да төлеп тұрады. Ай сайынғы көлемі – 25 АЕК (86 250 теңге). Бағдарламаға қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бару керек.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік;
еңбек өтілін растайын құжат;
білім туралы диплом немесе кәсіби дайындық туралы құжат;
"Жас маман" жобасы
Бүгінде "Жас маман" жобасы аясында колледждерде индустрия мен қызмет көрсету саласы бойынша сұранысы жоғары 100 мамандықтың біреуін меңгеріп алуға болады. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.
Осы жобаны іске асыру үшін шетелдік сарапшылар да тартылды. Бұдан бөлек, Қазақстанда жастарға арналған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бар. Ал Астанада "Еңбек" тұрғын үй бағдарламасына қатысып көруге болады.
13 наурыз 2023 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031