Сот банкроттығы - банкроттық рәсімдерінің екінші түрі
Сот банкроттығы, азаматтар қырызы 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы - 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.
Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.
Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.
Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян бойынша қарыздар, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығарылмайтындығына Сіздердің назарларыңызды аударғым келеді.
Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына:
•Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
•Кәсіби бухгалтерлер;
•Заң кеңесшілері;•Аудиторлар, кіреді.