Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі

Бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі

Халықтың табысын арттыру бағдарламасына республикалық бюджеттен 197 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 миллиард теңге қарастырылды.
Вице-министр бұл қаржы қандай бағыттарға жұмсалатынын түсіндірді. «Біріншісі – 10 мың азаматқа өз бизнесін ашуға микрокредит беру. Бұған 40 миллиард теңге бөлінеді. Бағдарлама мақсаты – ауыл халқын тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз ету. Несие 6 процентпен, 7 жыл мерзімге қайтарымды негізде беріледі», – деді Савельева мәжілісте заң жобасын таныстырып. Екіншісі – «Алғашқы жұмыс орны», түлектерге арналған «Жастар практикасы» жобалары аясында жастарды қолдау. Шығын – 18 миллиард теңге.
Қоғамдық жұмыс жобаларын жүзеге асыруға және жаңа «Күміс жас» жобасын енгізуге 38 миллиард теңге жұмсалады. Сондай-ақ жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың ақысын субсидиялауға 40 миллиард теңге бағытталады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 444 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды