Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіптің берекесі – еңбекте

Кәсіптің берекесі – еңбекте

Ауданда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мамандар тарапынан жүйелі орындалып келеді. Алға қойған мемлекеттік жоспарлар кезең-кезеңімен атқарылуда.Былтыр бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 40 адамды 6 айға дейінгі мерзімге оқытуға облыстық бюджеттен 9570,0 мың теңге қаржы қаралған. Бүгінде Қазалы аграрлы-техникалық колледжде 20 адам электргазбен дәнекерлеуші және слесарь-сантехниктікке оқытылса, Қазалы көлік-техникалық колледжде де 20 адам электргазбен дәнекерлеуші мен әрлеу құрылыс жұмыстарының шеберлігінен дәріс алды. Олардан тек 1-еуі оқудан өз еркімен шығып, толық курстан 39-ы ғана аяқтап, барлығы жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға және кәсібін бастауға арналған мемлекеттік грантқа 363 адамға 442824,0 мың теңге қаржы қаралған болатын.

Арман НАҒИ, көлік жөндеуші:
– Бұл күні мемлекет тарапынан кәсіп ашып, аяқтан тұруға демеу боларлық бағдарламалар іске асуда. Әрине қуантарлық жайт. Мәселен, жұмыссыз жастар үшін берілген қайтарымсыз гранттың өзі қаншама жанға қолдау көрсетті. Солардың қатарына жақында қосылдым.
Бағдарламаның игілігін көрудемін. Әуелгіде «Бизнес бастау» оқу курсына қатысып, кәсіпке пайдасы тиерлік деректерге қанықтым. Бизнес жоспарды қалай жазуды үйрендім. Осыдан келіп, жаныма жақын көлік жөндеумен айналысуды қолға алғым келді. Себебі әкем Сүлеймен кезінде аудандық автобазда «КаМаз» айдап, істен шыққан жүк көлігін өзі құрастырып алатын. Кейін үйден цех ашып, тапсырыспен түрлі маркадағы көліктерді жөндей бастады. Жанында жүріп, біраз тәжірибе жинадым. Осылайша жыл соңында 1225000 теңге қолға түскен соң қажетті құрал-саймандарымды тақтап, биыл жұмысыма кірістім. Тұрақты тұтынушыларым да бар. Екі күнде 1 машина жөндеймін. Дегенмен әркезде жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай жүргізушілер көлігін бір аптаға дейін қалдырады. Шүкір, жағдайым жаман емес. Алдағы уақытта қасыма көмекшілікке адам алғым келіп тұр.

Нұрдаулет ТОҚБЕРГЕН, пластик терезе орналастырушы:
– Қазір жастарға қолдау көп. Табыс табамын дегенге түрлі мүмкіндіктер ұсынылуда. Талап етілетіні – ынта мен жігер. Ата-ананың тапқанына ортақтаспай, қаражат табамын деушілер үйде қамалмау қажет. Кез келген істі үйренуге құлшынған жөн. Заман талабына сай соңғы кездері ауданда түрлі өндірістер ашылуда. Әрқайсысы өзіне бұйырғанын көруде. Осындай еңбекқор ағаларымның жанында 2 ай жүріп, пластик өнімдерін дайындауды меңгердім. Павлодарда технологиялық колледжде сүт өнімдерінің технологы мамандығын оқып шықтым. Оқу орнын бітіре сала шаңырақ көтердім. Екі баланың әкесімін. Отбасын асырау үшін жеке кәсіп ашуды ұйғардым. Қайтарымсыз грантты алуды мақсат тұттым. Ойым пластик терезе-есік дайындау болды. Өйткені оған сұраныс жоғары. Бизнес бастауда қаражылық сауттылығымды көтердім. Бизнес жоспар әзірледім. Барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, қажетті қаражатты қолға алған соң пластик кесетін аппарат, үтік тағы басқа да құрылғыларына қол жеткіздім.
Бүгінде жақын-туыстардың тапсырысын орындап жатырмын. Жан-жақтан тапсырыстар да бар. Жеңілдікпен де есік-терезе орнататын кездерім болады. Мұндай мүмкіндікті ұсынып отырған жобаға шексіз қуаныштымын. Ал жастарға берер кеңесім, осындай өтеусіз қаржыны иемдену үшін ерекше жоспар әзірлесеңіз міндетті түрде комиссияның келісімін ала аласыз.

Әлішер ПАНАБЕКҰЛЫ, фаст фуд әзірлеуші:
– Соңғы уақыттары халық заман талабына сай мобильді қимылдайтындықтан ас әзірлеуге уақыты да бола бермейді. Сондайда тез дайындалатын түрлі дәмдеуіштермен астың әрін келтіретін ауқатқа тапсырыс береді.
Қазір мұндай фаст фудтарға ересектермен бірге жастар мен балалардың да тәбеті ашылып тұр. Несін жасырайық оның еш құнары жоқ екенін іштей білсек те күнделікті қолдануға әзірміз. Себебі иісі мен дәмі тіл үйіріп, тез тоқ қылады. Оған қоса газды сусын ішкенді де қалаймыз. Өз басым мамандығым бойынша дәнекерлеушімін. Алайда бастапқы таңдауымнан бас тартып, өзге сала бойынша жеке кәсіппен айналысуды қолға алғанмын. Ойлана келе, достарымның жанында жүріп, донер, бургер, пицца мен гриль және чикен жасауды үйрендім. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында қайтарымсыз 1225000 теңгені алып, донер пешін, кебаб аппараты, 4 горелка, гриль мен пицца жасайтын құрылғы мен вытяжкаға қол жеткіздім. Осындай кәсібімді дамытуға қолайлы жоба ұсынған бағдарламаның тоқтамауын қалаймын.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 ақпан 2023 ж. 355 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031