Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Абай ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Абай ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімінің кезекті халықпен кездесуі басталды. Бұл жолы барша Сырға жан менен азық берген дарияның сіресе қатқан мұзын еш үрейленбестен кесіп өтіп, һәкім Абай ауылына келдік.
Мұнда әдеттегідей М.Әуесұлы ауыл жұртын бірқатар атқарылған жұмыстар мен жеңісті һәм жемісті жыл жайында сүбелі сөз сөйлеп, таныстырып шықты.
Сондай-ақ өткен кездесуде ауылға газ желісін жүргізу, ауылдың электр желісін жаңарту мен қос көшеге жарық шамын орнату сынды тұрғындардың ұсыныс-пікірлерінің нәтижесіне де тоқталды. Яғни, аталған мәселелер бойынша бюджеттен белгілі сомманың сұралғаны жайлы айта кетті.
Сөз кезегі тұрғындарға берілгенде Һәкімнің есімін ғана емес ойшылдығы мен даналығына да мұрагерлік еткен ағайын өзекті, түйткілді мәселелерді дөп басып, турасын айтты.
Нақтырақ айтсақ, ауыл ақсақалдарының базынасы ауылға газ жүргізу мен осы мекендегі үздіксіз жұмыс жасап тұрған үш бұлақтың бітелуі себебінен ірі қараны суару қиынға соғып тұрғаны жайында сөз қозғалды. Одан бөлек, ауылға барар жолдағы қалқымалы көпірдің қауіп төндіріп тұрғанын да ескеру қажеттігіне тоқталды.
Көтерілген мәселе мен айтылған ұсыныстарды жай-күйсіз қалдырмай, қаперге алынатынын айтқан аудан әкімінің тұшымды жауабынан қанаттанған халық қарасының көкейіне қуаныш ұялады.
08 ақпан 2023 ж. 461 0

Жетек

10 маусым 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30