Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 728 мыңнан астам адам АӘК алды

728 мыңнан астам адам АӘК алды

Бұл мақсаттарға бюджеттен 59,5 млрд теңге бөлінді. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 141,5 мың отбасынан 728,7 мың адамға тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа АӘК көрсету тетігін іске асыру шеңберінде 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды заттай түрдегі кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – КӘТ) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.

2022 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі шамамен 204,6 мың АӘК алатын балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде КӘТ тағайындалды.

Азаматтардың КӘТ-ті заттай форматтан ақшалай форматына ауыстыру туралы ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған КӘТ-ті монетизациялау жүзеге асырылды. Өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығын ұсынудың орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем белгіленді. Осылайша, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай өз бетінше азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау алу құқығын автоматты режимде белгілеуге мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) енгізілді. АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкес болған кезде ОЦК проактивті форматта мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен әлеуетті алушыға автоматты түрде SMS-хабарлама жібереді. Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
26 қаңтар 2023 ж. 951 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 28

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930