Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджеттен 68,5 млрд. теңге бөлінді

Биыл атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджеттен 68,5 млрд. теңге бөлінді

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 198,4 мың отбасындағы 990,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2022 жылғы 1 қаңтарда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 259,4 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ тәртібі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда, 2022 жылғы I тоқсанда көмек тағайындау ұзартылды. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
26 қаңтар 2022 ж. 811 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031