Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық филармонияға композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімін беру ұсынылды

Облыстық филармонияға композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімін беру ұсынылды

Бүгін облыстық мәслихат сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына мәдениет ұйымына атау беру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәслихат депутаттарына осы күнге дейін өңірлік ономастика комиссиясының отырыстарында қолдау тапқан тиісті басқармалардың ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімін беру ұсынылды. Аталған бастамалар сессия отырысында қолдау тауып, алдағы уақытта Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Кеңес Дүйсекеев - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 200-ден астам шығарманың, оның ішінде “Толғау” симфониясының, “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, “О, дүние” кантатасының, “Жыл мезгілдері” романстар циклінің авторы.

“Гүлдер” ансамблінің, “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, «Қазақ теледидары» музыка редакциясының бас редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

Еңбектегі табыстары үшін "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
18 қаңтар 2023 ж. 435 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 159

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031