Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылда жаңалық көп

Жаңа жылда жаңалық көп

Тағы бір айтулы жыл тарих қойнауына еніп кетті. Өткен жылы мемлекетте түрлі өзгерістер болғанын ескерсек, 2023 жылы қазақстандықтарды қандай жағымды жаңалықтар күтіп тұр? Бүгін осы тақырып төңірегінде қалам қозғаймыз.

Жаңалығы мол жыл басы
Есте болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Сенатта сөйлеген сөзінде жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасайтынын айтқан еді. Енді сол күн жетіп, ауыс-түйістер жасалып жатыр. Мәселен, Мемлекет басшысының Жарлығымен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов лауазымынан босатылып, орнына Ғани Бейсембаев келді. Сол секілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтың орнына Зулфия Сүлейменова тағайындалды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қызметінен кетіп, жаңа қызметке Асхат Оралов келді.
«Мұны болды» демеңіз, қызметінен босағандар қатарында Әділет министрі Қанат Мусин да бар. Ал әрі қарайғы әділдік жолында тер төгу Азамат Есқараевқа жүктелді. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев та кетіп, орнын Марат Қарабаевқа тапсырды. Міне, жыл басы жеткеннен елдегі өзгерістер билік басынан басталып жатыр.
Ашығын айту қажет, халық үшін кімнің қай орынға тағайындалып, кімнің кеткені маңызды емес. Маңыздысы – жауапкершіліктен жалтармай, саласына салғырттықпен емес, адалдықпен қарайтын кадр болғаны.

Келер күннен үміт көп
Алдағы жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтуде? Бұл көпті толғандырған сұрақ екені анық. Жақын арада Мемлекет басшысы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Құжат аясында қаңтардың бірінен бастап жалақы мен жәрдемақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы, күнкөріс шегі, АЕК мөлшері өзгермек. Бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұлғайтылады.
Сонымен қатар, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс көлемі зейнеткер атанғандар үшін 46-дан 55 АЕК-ке дейін өседі. Енді Қазақстандағы қыз-жігіттердің саны да артпақ. Өйткені, жастардың жасын 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізілді. Сол секілді білім саласында да оң өзгерістер орын алғалы тұр. Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында 25-жылға дейін 800 мың орындық мектеп салынатынын айтты.
Кәсіпкерлер үшін де жақсы жаңалық бар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Орталық мемлекетті және жергілікті атқарушы орғандар 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субьектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субьектілерін тексеруді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатуды тапсырды.
Айтпақшы, 2023 жылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылады. Аталған бағдарламаға «Halyk Bank», «ForteBank», «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк» қатысу арқылы жүзеге аса алады. Негізгі шарттары бойынша сыйақы мөлшері 4 процент десек, несиелеу сомасы 10 миллион теңгеге дейін жүреді. Ал қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін созылады да, бастапқы жарна 0 проценттен басталады. Бұған 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер беріледі. Мұнда қазақстандықтар аталған бағдарлама көмегімен елде құрастырылған «Chevrolet», «JАС», «Kia», «Hyundai» тағы басқа көліктерді алуға мүмкіндігі бар.
Айлықтан не хабар?
Елдегі маңызды мәселелердің бірі – жалақы жайы. Сол үшін де 2023 жылдың 1 қаңтарынан қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетіні айтылды. Зерттеп қарасақ, биыл балабақша тәрбиешілерінің, мектеп пен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25 процентке өседі. Сондай-ақ мұғалімдердің еңбекақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, еңбек өтіліне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі. Жалақыға біліктілік санаты лауазымдық жалақысының 30%-нан 50%-ға дейін, магистратураға, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы да белгіленеді.
Мұнан бөлек, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болатынын айтты.
– 2021 жылдың қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті. 2022 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 процентке, орта медицина қызметкерлерінің табысы 20 процентке артты, – деді министр.
Айтуынша, өткен жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге дейін жеткізілді. Орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады. Ал 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге болады деп жоспарланған. Осылайша 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе көп болады.
Өрт сөндірушілер үшін де жағымды жаңалық жоқ емес. Мәселен, биылдан бастап өрт сөндірушілердің ең төменгі жалақысы 180 мың теңге болады. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, үш жыл бұрын өрт сөндірушілер 65 мың теңге жалақы алған. 2022 жылдағы көрсеткіш бойынша жұмысқа енді кіріскен маманның ең төменгі жалақысы 110 мың теңге. Демек, алдағы уақытта жалақы 10 процентен 70 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр. Қатардағы құрамның айлығы 70 процентке, ал басқарушы құрам – өрт сөндіру қызметі мен бөлім басшыларың жалақысы 10 процентке өседі. Алайда төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының, оның ішінде министр мен оның орынбасарларының жалақысы көбеймейді. Мұнан бөлек, әскери және ішкі істер қызметкерлерінде де өзгерістер орын алады. Айлық көрсеткіш өсіп, жалақы артатын болады.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
05 қаңтар 2023 ж. 182 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031