ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?
Жыл өткен сайын әлемнің цифрлық даму жүйесі күрделеніп келеді. Оның ішінде цифрлық дамуда ілгерілеп келе жатқан Қазақстан да бар. Елде қазіргі таңда барлық құжат, банк жүйесі, тіпті келесі жылдан бастап оқу орнынан алатын қызылды-көк дипломның өзі онлайн түрде табысталмақ.
Жоғарыда атап айтқандай қазіргі кезде ұзын кезеккеті тосып, уақытыңызды шығындамай-ақ көптеген істі компьютер немесе смартфон арқылы бітіруге болады. Сондай цифрлық құжат, аныөқтамаларға қол жетімді жүйенің бірі – Халыққа қызмет көрсету орталығының «еgov.kz» порталы.
Порталдағы көптеген жұмыстарды онлайн түрде жасау жолдарын біліспек болып Қазалы ауданының ХҚО-на барып, сондағы мамандардан кеңес алған едік.
– «Еgov.kz» порталында кіру мен көптеген жұмыстарды атқару үшін ең алдымен арнайы электрондық цифрлық қолтаңба қажет болады. Оны электрондық кілт деп те атаймыз. Негізі оның бұл порталда атқарар қызметі мол. Себебі сол жеке кілтіңіз арқылы кез келген операцияны жүзеге асыру үшін онлайн қол қоясыз, – дейді жергілікті ХҚО маманы.
Ең алдымен электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін – қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс екен. Онан соң SMS хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон мен компьютеріңізде веб-камера болуы қажет. Компьютерге «NCALayer» бағдарламасын орнатып, порталдың басты бетінде «еgov.kz» «ЭЦҚ қашықтықтаналу» батырмасын басыңыз. Содан кейін, жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басасыз.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпия сөз) енгізесіз. Егер сіз бұрын мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/ қайта тіркеуді ұсынады
Мобильді азаматтар базасында сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді.
Одан кейін, «ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірінжәне SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау), «Бастау» батырмасын басу қажет».
Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісінебасыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басуды ұмытпаңыз.
Әрі қарай сізге бейне сәйкестендіру терезес іашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейне сәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет».
Жеке куәліктің фото суретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпия сөз арқылы жеке кабинетке кіресіз.
Онан соң, электрондық мекен жайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жібересіз. Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және «Ашу» батырмасын басыңыз». ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап тапқан соң, оны енгізіп және «сертификаттарды Жүктеу» батырмасын басасыз. Осылайша өзіңіздің жеке электрондық кілтіңізбен «Еgov.kz» порталындағы көптеген онлайн көмектерге қол жеткізе аласыз.
Құрметті оқырман, алдағы уақытта электрондық үкімет порталының басқа да онлайн жүйелерімен таныстырып, жұмысыңыздың жеңілдеуі мен уақытыңызды үнемдеуге септігімізді тигізетін боламыз.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат