Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талпынысы таудай бала таңдаулы мектепте оқиды

Талпынысы таудай бала таңдаулы мектепте оқиды

Соңғы жылдары білім саласына жасалған реформалар нәтижесін беруде. Мұны Әліппенің мектеп партасына оралуы мен «Мұғалімдер мәртебесі» туралы Заң қабылданғанына қарап аңғара аламыз. Сондай-ақ Балалар жылы аясында олардың әлеуеттерін теңестіру, дарынды балаларды жетілудің даңғыл жолына түсіруге бағытталған шаралар мен жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. Осындай қуанышты жаңалықтың бірімен бірер күн бұрын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті.
– Елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары (2022 жылы 27 жеңімпаз) 4,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алды, – деді министр. Бұл білімнің ізін қуған оқушылар үшін жақсы мүмкіндік, лайықты жігерлендіру десек жарасады.
Осы тұста айта кету керек, былтыр қазалылық екі бірдей оқушы пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанған еді. Ал жыл басынан бері тағы бір жерлесіміз осындай доданың жүлдегері атанып келді. Талантты оқушыны алыстан байқап, талабын шыңдайтын ұстаздар Қазалыда көптеп саналатындықтан алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі пән олимпиадасынан қоржынымыз майланары сөзсіз. Бұл үшін әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыдағы балалардың да зейінін айшып, мүмкіндіктер ұсыну керек екені түсінікті. Асхат Аймағамбетов осы мәселеге де ерекше тоқталып өтті.
– Сонымен қатар бұған дейін дарынды балаларды да, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды да қолдауда меритократия тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын көрсететін халықаралық зерттеулер туралы айтқан болатынмын. Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 процент квота алуға мүмкіндік береді. Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және тағы басқа мектептерге оқуға түсе алады. Қазірдің өзінде жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылданды. Тұрмысы төмен болғандықтан қосымша білім алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін осындай мектептерде оқуға мүмкіндік беру олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер ететініне сенім бар, – деді Оқу-ағарту министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталарды енгізілген еді. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті. Балалар жылындағы жүйелі қолдаудың бірегейі саналатын квота жайында министр: «Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін», – деп сөзін қорытындылады.


Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 қараша 2022 ж. 233 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031