Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік оқыған оқушылар емтиханнан босатылады – министрлік ұсынысы

Үздік оқыған оқушылар емтиханнан босатылады – министрлік ұсынысы

Оқу-ағарту министрлігі "Алтын белгі" беру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқыған және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған үміткерлер қорытынды емтихандар тапсырудан босатылады, деп жазылған министрліктің ресми сайтында.
Бұған дейін "Алтын белгіге" үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалған. Ал мектепте емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде "Алтын белгі" белгісінен айырылатын.
"Енді түлектер үшін сол белгіні алуға мүмкіндік болады. Ол үшін "үздік" деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды", - дейді орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Осылайша, 11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.
Айта кетері, биыл президент тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 миллион теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ, оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарына грантқа түсті.
Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК (1 АЕК - 3 063 теңге), күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бір реттік сыйақыға ие болды.
10 қараша 2022 ж. 334 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031