Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды

Еліміздің университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды

Еліміздің университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды.
Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасында жазылған.
Жоба Ашық НҚА порталында 23 қарашаға дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.
Келісім 14 баптан тұратын болса, соның 6-бабына сәйкес, "тараптар (Қазақстан мен Өзбекстан – ред.) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде өзбек тілін, әдебиеті мен мәдениетін және Өзбекстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін оқып-үйренуге және оқытуға қолдау көрсетеді".
Сондай-ақ, келісім жобасында екі ел арасында бакалавриат пен магистратура бойынша студент алмасу тәжірибесі туралы да баяндалған. Енді жыл сайын қазақстандық 14 студент пен 6 магистрант Өзбекстанға тәжірибе алмасуға барады. Сәйкесінше, олардың орнына өзбекстандық білім алушылар Қазақстанға келеді. Студенттерге тегін жатақхана беріліп, медициналық қызметтерді тегін алуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, тұрақты шәкіртақы төленеді.
Келісім жобасында сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ғылыми жобаларды жүргізуде, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазуда арнайы шарт жасасу арқылы студент, оқытушы және ғалымдармен де алмаса алатыны жазылған.
11 қараша 2022 ж. 349 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 37

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 86

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 93

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 62

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 97

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031