Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді жәрдемақыны елдің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады

Енді жәрдемақыны елдің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны эксаумақтық тағайындау қағидаты енгізілді.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев айтты.
Оның сөзінше, енді азаматтар баланың туылуы мен бір жасқа толғанға дейін күтіміне және табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді елдің кез келген аумағынан ала алады. Яғни, құжаттарды тіркелген мекенжайына қарамастан, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуіне мүмкіндік бар.
"Эксаумақтық қағидат азаматтардың жеке басын куәландыратын құжатын алу процесінде де қолжетімді. Яғни жеке куәлік пен төлқұжат алу үшін тіркелген мекенжайына қарамастан, Қазақстанның кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жолығуға болады", – деді Надир Құрымбаев.
Сондай-ақ, қазіргі таңда баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны Кaspi және Нalyq homebank мобильді қосымшалары арқылы смартфон арқылы да рәсімдеуге болады. Ол үшін банкке барудың және арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Бұл үшін "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде қажетті деректерді көрсетіп, смс көмегімен өтінім жіберу жеткілікті.
07 қараша 2022 ж. 173 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 29

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930