Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» мәліметінше, қараша айында ауа райы жауын-шашынды болады. Қараша айының басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райына ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында нөсер жауын жауады. Көктайғақ болады. Жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарашаның алғашқы күндерінде ауа температурасы түнде – -5+5°С, күндіз – +1+9°С. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз –+10+18°С.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағынан кетеді. Бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады. Жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, күн құбылмалы болады. Термометр бағаны елдің солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массасы келіп, күн жылынуы да мүмкін.
01 қараша 2022 ж. 337 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 208

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 179

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930