Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Топ-100 студент анықталады

Топ-100 студент анықталады

Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студентін қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы таңдай алады, деп хабарлайды baq.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Байқау жеңімпаздарына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілерден өздері оқып жатқан мамандықтары бойынша жұмысқа шақыру алады. Былтырғы байқаудың қорытындысы бойынша «ТОП-100»-дің 50-ге жуық қатысушысы жұмысқа орналасқан болатын. Байқаудың мақсаты – дарынды колледж студенттерін танымал ету және оларды қолдау.
Оқу-ағарту министрлігі конкурсты жыл сайын өткізеді. Оған облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары және олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанған студенттер, шығармашылық ұжым өкілдері, жобалар, инновациялық идеялар, стартап жобалар авторлары қатыса алады.
Бұл жай ғана байқау емес, талантты жастарды қолдау және жұмысшылардың біліктілігін арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: ішкі, облыстық және республикалық. Облыстық қорытынды бойынша әр өңір 10 студентті таңдайды, олар одан өтіп, республикалық деңгейде жарысады. Ал одан кейін үздіктердің үздігін отандастарымыз 1-15 қараша аралығында TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS жобасының сайтында жалғасатын онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Cайтта қатысушылар туралы барлық ақпарат бар, - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісов.

20 қазан 2022 ж. 484 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031