Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Республика күніне орай 1 000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады

Қызылордада Республика күніне орай 1 000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады

Қызылорда облысында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі жоғары деңгейде аталып өтетін болады.Жалпы, ұлттық мерекеге орай облыста арнайы тұжырымдама енгізіліп отыр. Сол тұжырымдамаға сәйкес, өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары белгіленген. Бұл тұрғыда мереке аясында 1 000-ға тарта шаралар ұйымдастырылса, оның ішінде негізгі және кешенді 108 шара өткізіледі деп күтілуде.
«Жалпы, облыс көлемінде ұйымдастырылатын іс-шаралар негізгі 5 бағытты қамтиды. Оның алғашқысы ресми шаралар негізінде өтпек. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде салтанатты жиындар өткізіліп, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау көзделіп отыр. Екінші бағыт бойынша елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған шаралар кешені жоспарланған. Мұнда ғылыми конференциялар, шығармашылық кештер, фестивальдар, форумдар, дөңгелек үстелдер, танымдық кездесулер мен ашық сұхбат алаңдары, тақырыптық лекциялар қамтылған. Келесі бағыт бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар қамтылса, төртінші бағытта қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акциялар өткізіледі. Ал соңғы бағыт бойынша мерекені көрнекі безендіруге және ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Сонымен қатар мереке аясында облыс аумағында 67 ойын алаңы мен Қызылорда қаласындағы 300 орындық жеке балабақша пайдалануға берілсе, қоғамдық көліктің қатары 40 жаңа автобуспен толықтырылады. Сондай-ақ аудандардан бірқатар маңызды әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, республикалық ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, түрлі концерттік бағдарламалар өткізілмек.
18 қазан 2022 ж. 778 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930