Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады

Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады

Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы ұлғайып, 40 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Жетісу облысында қызылша өсіретін шаруашылық басшыларымен кездескен ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бүгінде қант қызылшасын өсіруге кететін шығындар жыл сайын өсіп келеді.
Шаруалардың айтуынша, былтыр бір гектарға 900 мың теңге жұмсалса, биыл шығындардың көлемі бір миллионға жетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша өсірушілердің өтініштерін ескере отырып, субсидия нормаларын арттырды. Осылайша, шикізатты қабылдау құны 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін көтерілді.
"Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтеу нормативін 50%-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың жаңа ережелері 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп болжанып отыр", - дейді вице-министр Тамабек.

Келесі жылы қайта өңдеуге тапсырылатын қант қызылшасын субсидиялауға, шамамен, 11,5 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар. Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады.
Ал қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
21 қыркүйек 2022 ж. 259 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 44

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 39

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031