Сот ғимаратына кіріп-шығудың жаңа тәртіптері түсіндірілді
Қазалы аудандық сотының ғимаратында «Келушілерге арналған өткізу режимдері туралы жаңа Қағида» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Аталған шараға, Қазалы аудандық сотының қызметкерлері мен Қызылорда облысының МКҚБ ММ-нің қызметкерлері қатысты.
Семинарды кеңсе меңгерушісі Б.Махамбетали ашып, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі - күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистері екендігін, ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болатынын айтты.
Сонымен қатар, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне, кино және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие екендігін атап өтті. Оларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК-нің 345-бабына, АПК-нің 19-бабына және ӘҚБтК-нің 21-бабына сәйкес шешілетінін айтты.
Іс-шара соңында, қатысушыларға сот ғимаратында қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету үшін сот ғимаратына кіріп шығуды қамтамасыз ету тәртібі туралы Қағиданың талаптарын қатаң сақтауға нұсқаулар берілді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі