Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

Қазақстанда кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% болды, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.


Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, - делінген Статистика комитеті таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ел бойынша 2022 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрады.


15 қыркүйек 2022 ж. 601 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031