Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылдан бастап "Күміс жас" жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады

2023 жылдан бастап "Күміс жас" жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады

Қазір жобаға қатысу үшін қазақстандықтардың жасы 58-ден асқан болуы тиіс."Күміс жас" жобасына 2023 жылдан бастап 50 жастан асқан қазақстандықтар да қатыса алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының" белсенділерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Күміс жас" жобасы аясында әйелдерді жеке көмекшілер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер және тағы басқа қызметші ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады
"Жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі, ал 30 АЕК (2023 жылы – 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады. Осылайша, аталған әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргі кездегідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алады" делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ және тек жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы алатын адамдар үшін жаңа шарт – жинақтаушы зейнетақы енгізілмек. Бұл жүйеден төлемдер жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына жүзеге асыратын қосымша жарналар есебінен төленеді.
12 қыркүйек 2022 ж. 630 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930