Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда құрылыс саласын реформалау бойынша заңға өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда құрылыс саласын реформалау бойынша заңға өзгерістер енгізіледі

Заңнамалық түзетулер құрылыс саласының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
Премьер-министр Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев құрылыс саласының тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу қорытындылары бойынша заңнамалық түзетулер пакеті дайындалғанын атап өтті.
Жаңа нормаларды енгізудің арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, заңсыз және өнімсіз қосалқы мердігерлердің, сондай-ақ біліктілігі жоқ лицензиаттардың қызметін шектеу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, нарық субъектілеріне жер учаскелерін алу кезінде тең мүмкіндіктер беру, үлестік құрылыс саласын жетілдіру және сала бойынша лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету жоспарда бар.
Үкімет мүшелері заңнамалық түзетулер құрылыс көлемін біркелкі бөлуге, орындалатын жұмыстардың сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.
Әлихан Смайылов ұсынылған өзгерістердің негізгі бөлігін қолдады және мүдделі мемлекеттік органдарға егжей-тегжейлі есеп жасауды қажет ететін тармақтарды қосымша пысықтауды тапсырды.
24 тамыз 2022 ж. 452 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031