Сынық ыдыста сыр бар
Үлкендеріміздің «Сынық ыдыстан ас ішпе, бұл жаман ырым» деп айтататынын жиі естіп жүрміз. Асылында бұл ырымның астарында үлкен тәрбиелік мән жатыр. Ендеше халқымыздың тұрмысына қатысты туындаған осы бір ырымның тереңіне бойласақ.
Қазақ қашанда сынық ыдыспен ас ішпейтін болған. Тіпті қонақтарға сынық ыдыспен ас беру оны сыйламағандық болып саналады. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді. Тіпті олар бұл үйге бақытсыздық әкелуі мүмкін деп те қорыққан. Сондықтан халқымыз үйде сынық не жырық ыдыстың болмауына аса назар аударған. Иә, кейде абайсызда ыдысты қолдан құлатып алып жатамыз, ыдыс сынбаса да жүзінде жарықшақ пайда болуы мүмкін. Жарылған не жартылай жарықшақ пайда болған ыдыстар туралы дініміздің хадистерінде түрлі деректер келтірілген. Бірінде сынық ыдыстан ас ішу ағаттық емес делінсе, ал екіншісінде рұқсат етілмегендігі айтылады. Сондай хадистің бірінде Пайғамбарымыздың сынық ыдыстан ас ішкендігі сөз етіледі. Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен риуаятта, Алла елшісіне жұбайларының бірі ағаш ыдыспен ас беріп жібереді. Ыдыс асты алып келген қызметшінің қолынан түсіп кетіп, екіге бөлініп қалады. Сонда пайғамбарымыз ыдыстың екі бөлігін біріктіріп, ішіне асты салады да: «Жеңдер» деп айтады. Қасындағылар жейді. Одан соң иесіне сынық ыдыстың орнына бүтінін беріп жібереді. Осы хадиске сүйенер болсақ, сынық ыдыстан тамақ жеудің ағаттығы жоқ. Сол секілді шеті ұшқан кесенің жырық жерінен сусын ішуден тыйған хадис те бар. Сахаба Әбу Саъид әл-Худриден жеткен бұл хадисте былай делінеді: «Алла елшісі кесенің жырық жерінен ішуден әрі ішетін нәрсесіне үрлеуден тыйды». Өйткені, кесенің ойық жері дұрыс жуылмай, сол жерінде шоғырланған түрлі микробтар ішкен адамның асқазанына түсуі мүмкін. Сондай-ақ, сынған шеті ерінді жырып кетуі де ғажап емес. Осы сынды келеңсіздіктер себебінен Алла елшісі сынық ыдыстан ас ішуге рұқсат етпеген.
Сынық табақтан тамақ жеген адам қасықпен немесе қолмен алып жейді. Тікелей сынық жерін аузына апармайды. Сол себепті, алғашқы хадисте Пайғамбарымыз рұқсат еткен.Ал екінші хадис сусын ішуге қатысты айтылады. Сусын ішкенде көбіне ыдысты тікелей ауызға апарып ішеміз, сондықтан Алла елшісі кесенің жырық жерінен ішуді тыйды. Дегенмен, жырық емес шетінен ішу ағаттық емес. Шариғатта сынық ыдыспен ас ішудің күнәсі жоқ, дегенмен бүтін ыдысты пайдаланған абзал. Әсіресе, үйіңізге келген қонаққа, қарт кісілерге бүтін ыдысқа құйып немесе табаққа салып берген дұрыс делінеді. Ал бүгінде сынық ыдыстан ас ішу антисанитарияның көрсеткіші болып саналады. Жарығы не сынған ыдыстарды тұрмыста қолдануға рұқсат жоқ. Егер мұндай ыдыстарды тұрмыста пайдаланар болсақ, оны жарамсыз деп танып, лақтырған дұрыс. Ыдыстың кез-келген сынығы не әйнектің ұшқыны сіздің денсаулығыңызға зиян келтіруі ғажап емес. Сондай-ақ ыдыстың жарығы орналасқан жерде түрлі микробтар шоғырланып, жиналуы мүмкін. Әсіресе эмаль ыдыстардың ойық жерлеріне құйылған сұйықтықтың әсерінен металл жиналып, түрлі реакциялар орын алып, қышқылтым дәм пайда болады. Соның әсерінен сол ыдыстан тамақ ішкен адам улануы не белгісіз ауруға шалдығуы әбден мүмкін. Атап айтар болсақ, кобальт, бор және кадмия сынды эленементтерден тұратын ыдыстарда пайда болатын жарыққа улы заттар тез түзіледі. Соның салдарынан асқа да микробтар түсіп, адам ағзасына айтарлық зиян алып келеді. Тиісінше бұдан адам гастрит, асқазан жарасы сияқты ауруларға шалдығады.
Сынық ыдысқа қатысты ел аузында аңыздар да көптеп кездеседі. Солардың біріне тоқталып өтелік.
Бірде Ыбырайым пайғамбар қонақ күтіп отырса, Ібіліс келіпті. Ыбырайым селк ете қалып:
– Әй, малғұн! Сені кім шақырды? – дейді. Ібіліс:
– Алла жырық ыдыстан маған дәм бұйыртқан. Кесесі кетік пен табағы жырыққа қонаққа мен келемін, – дейді. Ыбырайым дастарханға қараса, кетік ыдыс тұр екен. Жырық кесені алып, сыртқа лақтырып тастайды да:
– Онда несібеңді сырттан ізде, – дейді. Содан бастап қазақ халқында «жырық ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді» деген түсінік қалыптасқан деседі. Халқымыздың «сынық ыдыстан ас ішпе, сынық ыдыста сыр бар» деуінің себебі де осында болса керек.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ