Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттегі келелі іс

Кенттегі келелі іс

Биыл ауданда жол жөндеу, салудан бөлек құрылыс жұмыстары көптеп атқарылуда. Жақында тұрғындардың жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары басталып кетті.
Дәлірек айтсақ, ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын Қ.Қартақов көшесі мен Қ.Ибрагимов, И.Байзақов, Бейбітшілік, Ә.Қашаубаев, Жанқожа батыр 3 км көшелері және Біржан сал көшесінің бас жағы бар.
Іс барысымен танысуға қиыршық тас төселіп жатқан көшелер басына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев барып, қадағалап қайтты.
Айта кетейік, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен әрі сапалы тәмамдап жүрген мердігер Бекқали Бекбауылов басшылық еткен «Қазалы жолаушы» ЖШС.
М.Әуесұлы көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізіп, атқарылатын істі сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Жұмыстың сапасын қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Төселіп жатқан қиыршық тастарға жоғарыда аталған көше тұрғындары да дән риза.
– Бейбітшілік көшесі қыс қайтса қар еріп, жауын жауса батпаққа белшеден батырады. Тіпті көше бойымен мұндағы қарттар мен балаларға жүру қиындап кетеді. Осы орайда көптің көңілін қалдырмай, назарға алған аудан әкімдігіне алғыс айтамыз. Ал жұмыс жасап жатқан мердігерге келер болсақ, олар өз жұмысын адал әрі сапалы орындап жүрген мекеме, – дейді Бейбітшілік көшесінің тұрғыны Әкімбек Қонысбеков.
Онан соң аудан басшысы мен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге 250 орындық мектептің құрылысына ат басын бұрды.
Ондағы мердігер мекеменің жауапты қызметкері бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстармен қысқаша таныстырды. Жауапты маманның айтуынша, бүгінде құрылысқа қажетті материалдарға тапсырыс берілген.
Аудан басшысы жасалып жатқан жұмыстарды қадағалап, жұмыс қарқынын әлде де күшейтіп және құрылысшылар санын көбейту қажеттігін айтты.
Тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы әрі уақытында аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Мектеп құрылысының тәмамдалуын асыға күткен тұрғындар да өз қуанышымен бөлісуге асықты.
– Осы маңайда тұратын ата-аналар үшін өте қуанышты жағдай. Енді алысқа арбалатып жібермей, жақын жерде білім нәрін сусындауға кеткен балғынды алаңдауға еш негіз жоқ. Бұйырса, құрылыстың сапалы аяқталуын асыға күтеміз, – дейді Айгүл Алтаева.
Серік АҚМЫРЗА

13 тамыз 2022 ж. 477 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031