Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жұмысты еңсерген

Ауқымды жұмысты еңсерген

Соңғы уақыттары аудандағы құрылыс саласы қарқын алып келеді. Көздің жауын алар биік-биік ғимараттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай көбейіп, уақытты оздырмай тез пайдалануға берілуде. Бұл әрине қазалылықтардың заман ағымына сай жаңаша дамуға бет бұрғанының белгісі.
Бүгінде халық игілігі үшін берілетін маңызды нысандарды мемлекеттік байқауда жеңімпаз атанған мердігер мекемелер тұрғызуда. Осы күні аудан бойынша құрылыс саласында бірқатар жоба қолға алынған. Соның ішінде Жалаңтөс батыр, Пірімов, Басықара ауылдарын газдандыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Оны бас мердігер “Ремстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Серіктестік 1998 жылы құрылып, осы күнге дейін ауқымды жобаларды атқарған. Қызметіне 40-қа жуық түрлі бағыттағы жұмыстар енген. Лицензиясы І-категориялы есептелгендіктен құрылыс-монтаждау ісінің барлық түрлерімен айналысады. Мекемеде әр салаға қажетті 35 техника бар. Оның ішінде 50 тонналық жүк көтергіш крандары, темір бетон бағаналарын қоятын бұрғылау машинасы негізгі жұмысты жасайды. Қазір салынатын нысанның көптігіне орай 30-дан жоғары адам жұмыс істейді. Қалғаны қосымша жалдамалы жұмысшы ретінде алынған.
Жалпы алғанда бас мердігер барлық материалдарды, жұмыс күшін, құрал-жабдықтар және жобаны құруға қажетті қызметтермен қамтамасыз етеді. Тиісті мамандарды жалдап, құрылыс жұмыстарының барлығын немесе бөліктерін орындайды. Жүргізілген жұмыстардың сапасына жауап береді. Оның бірінші кезектегі міндеті – жұмыс орнындағы қауіпсіздік.
– Жұмысшылардың барлығы сақтан­дырыл­ған. Оларға арнайы өндірістік қауіпсіздік технигі жаңадан нысан алғанда сабақ өткізеді. Қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Арнайы киімдері беріліп, сақтандыру белгілері тағылып биікте жұмыс атқарады. Құрылысшылардың қауіпсіздігін күнделікті және сағат сайын қадағалауда ұстаймыз, – дейді “Ремстрой” ЖШС директоры Бауыржан Балтабайұлы.
Басшының айтуынша, еңбеккерлерге бар жағдай жасалған. Уақытылы жалақылары беріледі. Сондай-ақ тұрмыс жағдайы төмен жандарға қайырымдылық шараларын ұдайы ұйымдастырып тұрады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

13 тамыз 2022 ж. 333 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031