Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша әлемде 71-орынға ие болды

Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша әлемде 71-орынға ие болды

Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша дүниежүзілік рейтингте 129 елдің ішінде 71-орынға ие болды. Бұл туралы Azattyq Ryhy ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел индексі 5,275 көрсеткішін құрады. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі құқық қорғау деңгейі де тиісінше соғұрлым жоғарылайды. Рейтинг меншік құқығының негізгі институттары: құқықтық және саяси ортаға, физикалық меншік құқығына және зияткерлік меншік құқығына баға береді.

Қазақстанның құқықтық және саяси ортасының субиндексі 3,833-ке дейін төмендеген. Бұл сот жүйесінің тәуелсіздігі бойынша – 4,673, құқық үстемдігі – 4,091, саяси тұрақтылық – 3,121 және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 3,445 көрсеткішін құрайды.

Физикалық меншік құқығы бойынша субиндекс 6,39-ға дейін: меншік құқығын қорғауды қабылдау – 5,608, меншікті тіркеу бойынша – 8,552 және несиеге қол жеткізу жеңілдігі бойынша 4,871 бағаларымен төмендеді. Зияткерлік меншік құқықтары бойынша республика субиндексі келесі бағалармен 4,774-ке дейін ұлғайды: зияткерлік меншікті қорғауды қабылдау бойынша – 5,213, патенттерді қорғау бойынша – 5,783, авторлық құқықтарды қорғау – 2,6, тауар белгілері 5,859 құрады.

ТМД елдері арасында меншік құқығын Қазақстанға қарағанда Әзербайжан мен Армения елдері жақсы қорғаған. Ал Ресей, Молдова және Украина елдеріндегі көрсеткіштер еліміздегі меншіктік құқықтың қорғалуымен салыстарғанда нашар екені анықталды.
Әлемде азаматтардың меншік құқығы Швейцария, Сингапур және Жаңа Зеландия мемлекеттерінде жақсы қорғалған.
Бірінші тоқсандағы қорытындыға сәйкес, елімізде құқық және бухгалтерлік есеп саласында 27,7 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,2%-ға артық.

Көрсетілген қызмет көлемінің басым бөлігі 73,7% жыл басынан бері 20,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен бір ғана өңірге – Алматыға тиесілі. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,4%-ға артық.

Сондай-ақ көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан (4,1 млрд тг, жылына 17% кем) және Қарағанды облысы (541,6 млн тг) кірді. Құқық және бухгалтерлік есеп саласында ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілді. Қызмет көрсету барлығы 7,5 млн теңгеге шыққан.

Тікелей құқықтық қызмет 8,3 млрд теңге болды. Өткен жылға қарағанда 8,6%-ға аз. Адвокаттық қызмет көрсету – 1,5 млрд теңге, нотариаттық қызмет 35,7 млн теңгені құрайды.
10 тамыз 2022 ж. 543 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930