Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көлік саласында қандай проблема бар?

Қоғамдық көлік саласында қандай проблема бар?

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының орынбасары Ержан Диханбаев қоғамдық көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында айтты.
Қоғамдық көлік саласындағы проблемалық мәселелерді айтқым келеді. Бүгінгі таңда қоғамдық көлік саласында 6 автобус паркі жұмыс істейді. Оның біреу коммуналдық болса, 5-уі жеке меншік болып есептеледі. Қала бойынша 96 бағыт бойынша 889 қызмет көрсетеді. Оның ішінде 805 автобус қала ішінде қызмет көрсетсе, 85 автобус қала сыртындағы бағыт бойынша қызмет көрсетеді, - деді ол.
Диханбаев атап өткендей, қала тұрғындарының 45 пайызы автобустың қызметін пайдаланады.
Қазіргі таңда саладағы проблеманың бірі жанармайға деген көтерме бағаның қымбаттауына қатысты тасымалдау шығының көбеюі болып отыр. Инвесторлар автобус паркін жаңартып, халыққа көрсетілетін мәдениетті арттыра алмай отыр, - деді Диханбаев.
Оның айтуынша, елорда әкімдігі 2020 жылы 16,4 млрд теңге, 2021 жылы 17,8 млрд теңге бөлген.
Биыл 12 млрд теңге бөлінді. Оның 1,1 млрд теңгесі игерілді, - деді ол.
29 шілде 2022 ж. 789 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 207

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 141

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031