Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Науқасқа дем бергендер

Науқасқа дем бергендер

Ауданда шалғайда жатқан елді мекендердің облыс орталығынан 460 шақырым қашықтықта орналасуы мен ауыр жағдайдағы науқасты дер кезінде жеткізу қиындығына орай «Медтроник - Казахстан» АҚ ангиограф аппаратын қою туралы ұсыныс жасаған. Осыдан бес жыл бұрын адам өміріне сапалы көмек көрсету мақсатында қойылған талап бойынша 250 мың халық қамтылу тиіс болатын. Оңтайлы ұсыныс жан-жақты талданып, екі жылдан соң Қазалы аудандық ауруханасына ангиограф жабдығы қойылды. Межелі жоспар бойынша Қазалы, Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы және теміржол ауруханасы пациенттеріне қызмет ету көзделді. Осы ретте Қазалы аудандық ауруханасының ресми атауы «Қазалы ауданаралық ауруханасы» болып өзгерді.
Сол кездегі Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанованың қолдауымен "Эндоваскулярлы" және 15 тәулік бойы және 3 күндізгі стационары бар "Кардиология" бөлімі ашылды. Осыдан кейін жедел және жоспарлы жолданған сырқаттанушыларды қабылдауда аурухана мамандары арнайы облыс орталығына барып, қайта даярлау курсынан өтті.
Ангиохирург "Эндоваскулярлы" бөлімінің меңгерушісі Кенесары Баспаев "Көпбейінді облыстық аурухана эндоваскулярлы" бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмайловтың жанында 8 ай тәжірибе алмасады. Кейін Нұрлан Исмайлов Қазалыда бірнеше ай болып, тікелей өзінің басшылығымен осындағы жаңадан іске қосылған бөлімнің жұмысын нықтайды.
Қазір эндоваскулярлы бөлімінде аға мейіркеш Әлия Сүлейменова және медбраттар Тоқтар Әлімжан, Ақжол Айдарбек, кіші мейіркеш Айнұр Алданбергенова қызмет көрсетуде.
Мұнымен қоса "Кардиология" бөлімінің меңгерушісі және эхокардиографиясы маманы Ләзат Жұбанова "Көпбейінді облыстық аурухананың" № 1,2 кардиология бөлімінің меңгерушісі Гүлсім Бержаппарова және Нұрболат Лепесов пен кардиолог мамандар: Ғалымжан Абишев, Айгүл Махамбетовалардан тәжірибелік білімін жетілдіруде.
Биыл кардиология бөлімі 22 төсекке кеңейді. Мұнда аға мейіркеш Кенже Балтөре, мейіркештер: Гүлмира Арыстанова, Кенже Қалауова, Қаршыға Орынбаева, Марал Тлеуқұлова, Парасат Арықбаева күндіз-түні тер төгуде. Сондай-ақ ас таратушы Айгүл Үндір, шаруашылық мейіркеші Гүлбағыш Исмағанбет және тағы басқа да кіші мейіркештер тынбай еңбек етуде.
Ал негізгі маман кардиореаниматолог Аян Қазиұлы кардиореанимация бөлімінде жүрек аурулары бар ауыр науқастарға кеңес береді. Жұмысы күрделі бөлімнің жауапкершілігі де зор. Сондықтан кардиореанимация бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Тоқсанбаев та облыста арнайы мамандардың бақылауымен біліктілігін артқан.
Ақхалаттылардың өз кәсібіне деген адалдығының арқасында осы күнге дейін науқастарға 700-ге жуық коронография жасалып, 300-дей стент қойылған. Осыншама ем алғандар дертіне дауа тапқаны үшін алғаусыз алғыс айтуда.
– Жеті жылдан бері жүрек ауруымен есепте тұрамын. Осы уақытқа дейін бірнеше рет аудандық ауруханада емделдім. Бұл жолы өзіммен бірге дәрігерге көрінген үш адамға күрделі ота жасалынды. Туғанннан қасиетті Қазалыда өсіп, қаншама баланы оқытқан ұлағатты ұстазбын. Дегенмен ауданда жүрекке ота жасалынатынын естімедім. Мұны білмейтіндер баршылық. Осындай ерен еңбегімен көзге түсіп, науқастардың жанына араша түсіп жүргендерді мақтан етемін. Ауруханаға аралдық Күнқияш Өмірзақова, Төретамнан келген Майра Қалиевалардың ризашылық сезімдерін жеткізгім келді. Дәрігерлер Кенесары, Қуаныш, Ақжол, Тоқтар еңбектеріне табыс тілейміз.
Кардиология бөлімі дәрігері Ләззәт Серікқызы, дәрігер терапевт Айдана Мұратбекқызы ем домын жүргізуде. Әрбір науқасқа тиісті кеңесін беріп, жылы сөзімен дем беруде. Мейіркештердің еңбегі де бір бөлек. Дәрінің дұрыс берілуін қадағалап, қан қысымын өлшеп, жанға жайлы жағдай жасауда, – дейді Мейрамкүл Айжігіт.
Болашақта "Ангиограф" аппараты коронография (КаГ), коронарлы артерияларды анықтау, баллон ангиопластика, шунтография, аяқ тамырларының артериографиясын жасау және жасанды ИКД, ЭКС аппаратын қою жоспарлануда. КаГ жасалатын жедел және жоспарлы жолданғандармен қатар жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар, дилатационная кардиомиопатия, ишемиялық кардиомиопатия аурулары бар науқастар ем алады. Маңыздысы халық дән риза. Дер кезінде мамандандырылған, сапалы көмек алуда.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 шілде 2022 ж. 651 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031