Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұмар-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды

«Тұмар-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды

«Тұмар-2022» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Сыйлыққа қатысу үшін 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.
Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.
Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.

«Тұмар-2022» Ұлттық телевизиялық бәйгесініңжеңімпаздары:

Үздік тележурналист
Владислав Цой – «Хабар 24» телеарнасы
Үздік тележүргізуші
Аскар Мендыбаев – «31 канал»
Үздік режиссерлік жұмыс
«Жена»– «Qazaq TV»телеарнасы
Үздік деректі фильм
«Каспийден кеткен қыпшақтар»–«ATYRAY» телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
«Дау-дамайсыз»– «КТК» телеарнасы
Үздік ток-шоу
«Время говорить» – «Atameken Business» телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
«Almaty Bala Fest» – «Алматы» телеарнасы
Үздік телевизиялық сериал
«Ахмет. Ұлт ұстазы»– «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
Үздік ақпараттық бағдарлама
«Saraptimes» – «Astana TV» телеарнасы
Үздік аймақтық телеарна
«Turkistan» – Түркістан қ.

Арнайы жүлде «Balapan» телеарнасына Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында балалар контентінің дамуын ынталандыру үшін табысталды.«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.



29 маусым 2022 ж. 751 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031