Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қымбатшылық қысып тұр

Қымбатшылық қысып тұр

Жуырда ашық үкімет порталында шілде айынан ­бастап, электр энергиясы қымбаттауы мүмкін деген жаңалық жарияланған. Ондағы тиісті құжаттар да сол порталға шығарылған. Олардың айтуынша, кейбір стансаларда баға 25 процентке дейін көтерілмек. Елімізде негізі жарық өндіретін 47 станса болса, соның 26-сының тарифін қымбаттатпақ. Қалған стансаларда баға сол күйі қалады. Десе де электр қуатының құны нақты қай өңірде, қаншаға өсетіні әзірге айтылмай отыр. Алайда жыл басынан бері жарық онсыз да 9 процентке қымбаттаған еді. Тағы бір айта кететіні, электр қуатын тұтыну бір жарым процентке көбейіп отыр. Электр қуатын көптеп қажет ететін арнайы цех, нан пісіруші кәсіпкерлер жайы қалай болмақ? Осы және өзге де сауалдарды кент тұрғыны, кәсіпкер және «ДәулетЭнерго» ЖШС Қазалы филиалының директорына қойып, олардың пікірін алған едік.


Алтынай Ерекешова, кәсіпкер:

– Отбасыммен кәсіпкерлікпен 2019 жылдан бастап айналысып келеміз. Кәсіп дөңгелеп, 2021 жылы арнайы орынды жалға алып, түрлі техникалар сатып алдым.
Бүгінде «Тәтті әлем» атауымен тұрғындар жүрегінен орын тапқан кондитерлік дүкен өніп келеді. Осылайша тұтынушылар игілігі үшін еңбек етіп келеміз. Алайда тапқан табыстың белгілі бөлігі коммуналдық төлемдерге кететіні сөзсіз. Оның ішінде электр энергиясының шығыны басымдық алып тұр. Атап айтқанда, екі пеш, үш мұздатқышқа 2021 жылы 12-13 мың теңге төлесем, бұл шығын бағасы екі есеге өскен. Яғни, жиырма мыңнан жоғары. Жақында жаңалықтардан жарық бағасының әлі де көбейетінін естідік.
Бұлай жалғасар болса, көпке ауыр тиері анық. Сондықтан тиісті орындар алдын алу қажет деп білемін.


Аида Түсіпбекова, «Дәулет Энерго» ЖШС Қазалы филиалы ­директоры:

– Ашық үкімет электрондық порталында шілде айынан бастап электр энергиясының қымбаттауы мүмкін деген ақпарат Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен қоғамдық талқылау үшін орналастырылған болатын. Елдегі электр энергиясын өндіретін стансалардың шекті бағасын бекіту ҚР Энергектика министрлігінің құзырында. Қазіргі таңда министрдің ресми нақты бұйрығы бекітілгені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жарияланған жоқ.
«ДәулетЭнерго» ЖШС тарапынан жоғарыда аталған стансалардың шекті бағасы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Арал және Қазалы аудандары бойынша бөлшек саудада электр энергиясының сату қызметтерінің жобалық орташа босату бағасын бекіту туралы тиісті өтінімін ұсынатын болады. Серіктестік тарапынан департаментке ұсынылған тарифтердің жобасы бойыншға хабарлама бекітілген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланатынын хабарлаймыз.


Жадыра Скендирова, кент тұрғыны:

– Бүгінде елімізді қымбатшылық жайлап алды десем қателеспеймін. Азық-түлік, тұрмыстық және құрылыс заттарының бағасы аспандап тұр. Газ, су қала берді электр жарығының да тарифтік көрсеткіші маусым сайын өсіп жатыр. Келесі айдан бастап электр энергиясының бағасы 25%-ке дейін қымбаттауы мүмкін деген жаңалық желдей естуде. Бұл біз секілді қарапайым халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ салады. Дегенмен тұтынып отырған соң, амал жоқ белгіленген тариф бойынша төлеуге тырысамыз. Өз басым электр жарығы үшін айына кем дегенде 7-8 мың теңге қаражат жұмсаймын. Бұл тек электр энергиясы үшін ғана, ал қалған дүниелерге жұмсалатын шығындар бұдан да көп. Қысқасы, жалақының үштен бір бөлігі коммуналдық шығындарға жұмсалады екен.
Баға осылай өсе беретін болса, халықтың жағдайы не болмақ? Жоғарыдағылар нақты экономикалық реформаларды қолға алып, қымбатшылықтың алдын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Серік АҚМЫРЗА


28 маусым 2022 ж. 262 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 24

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930