Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарсаңға салған саз

Сарсаңға салған саз

Өткен жылы азық-түлік бағасы шарықтады деп ел шулады. Биыл тауар құны былтырғыдан да аспандап тұр. Оның ішінде құрылыс заттарының бағасы да шарықтап, жаз түссе баспана салуға асығатын қазалылықтар үшін оңайға соқпай тұр. Құдды бір саудагерлер арасында тауар бағасын өсіруден сайыс өтіп жатқандай. Осы орайда қызыл кірпіштің жоғарылаған бағасынан қашқақтап, саз батпақтан үй соғуды көздеген жандар да бар. Бірақ олар да ойынан айныған сынды. Бүгінгі күні ауданда саз таситын ауыр көлік қарасы азайған. Тасымалдаушының біріне қоңырау шалған едік, қазір саз таситын карьердің жабық екенін айтып күрсінді.
Бұл мәселемен аудан тұрғындары өткен жылы да бетпе-бет келген. Ол кезде тұрғындар мен компаниялардың сазға сұранысын қанағаттандыру үшін белгілі карьерлер саз кеніне бірнеше айдан соң рұқсат алып, көпті қуантқан еді.
– Өткен жылы баспана тұрғызуды қолға алғанмын. Алайда жиған ақшам үйімнің бір бұрышын көтеруге де жетпей қалды. Себебі өздеріңіз білетіндей, қазір қай заттың болмасын бағасы шарықтап тұр. Мысалға алар болсақ, қарапайым құмның өзі өткен жылы 6-7 мың теңгені құраса, бүгінде 13-14 мыңға жетті. Ал саз 10-12 мыңға теңгеге сатылса, биыл баға 18-20 мыңға жеткен. Жалпы «Мен қызға барғанда, ай жарық болып кеттінің» өзі болып тұр.
Баға бұдан әрі өсе берер болса, тіпті не істейтінімізді де білмеймін. Құрылыс болса, тоқтап тұр. Ол аздай, бағасына қарамастан саз алмақшы болған едім, бір айдың жүзі болды саз жоқ! Көптің айтуынша, кареьрлер әлі сатпай отыр, – дейді есімін атамауды өтінген кент тұрғыны.
Негізі аудан көлеміндегі тиісті заңдылықтарға сәйкес келетін және толық құжаттармен рәсімделген бірнеше карьерлер бар.
Атап айтар болсақ, «Қазалы Құм» ЖШС, «Қазалы Құрылыс Құмдары» ұжымы. Бүгінде «Қазалы Құм» ЖШС Қазалы ауданы, «Әйтеке би» кенішінен, Әйтеке би кентінің солтүстігінде Самара-Шымкент автотрассасының оң жақ беткейінде еңбек етуде. Ал, Қазалы Құрылыс Құмдары» ЖШС, Қазалы ауданы, «Әйтеке би» кенішінен кенттің солтүстігінде Самара-Шымкент автотрассасының сол жақ беткейінде жұмыс жасауда.
Осылайша екі алып карьер аудан игілігіне бірнеше жылдар бойы жұмыс жасап келген. Бүгінде қос карьерде де саз сатылмай тұр. Оған себеп болар мәселені білмек болып, Қазалы ауданының жер қатынастары бөліміне ат басын бұрған едік.
– Қазіргі таңда «Қазалы Құрылыс Құмдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Әйтеке би кентінің солтүстігінде Самара-Шымкент автотрассасының сол жақ беткейінде орналасқан карьерде құм қазу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан көлемінде саз карьеріне тапсырыс беруші «Қазалы-Сазы» ЖШС Әйтеке би кентінен Шитүбек елді-мекеніне барар жолдың сол жағалауынан, ал «Қазалы-Топырақ» ЖШС Әйтеке би кентінің «Алтын көпір» маңын сұрауда. Өзге де құм карьеріне тапсырыс беруші жеке кәсіпкер Болат Жұбатыров Қарашеңгел ауылдық округі және Үйрек елді-мекенінің маңынан және жеке кәсіпкер Орманкүл Медеубаева Әйтеке би кентінің солтүстік беткейіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын алаңның маңынан жер учаскелерін сұрауда. Осыған байланысты құжаттары жинақталып, бөлім тарапынан Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына барып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1-бабының 2 тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсатында жер учаскелерін табыстау облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жатқызылатындығын хабарлаймыз, – дейді жауапты мамандар.
Жауаптылардың сөзінше бұл әзір шешілмейді. Осыдан соң тиісті органның қолынан келмеген, көпті күттірген саз мәселесін кім ауыздықтайды? деген сауал санада қылаң берді.

Серік АҚМЫРЗА
25 маусым 2022 ж. 422 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031