Республикалық референдумға халық оң көзқарасын танытты

Ел халық бұл саяси науқанға бей жәй қарамады. Жаңа көзқарасқа сеніммен қарап, белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап, оң көзқарас танытты. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына арналған ел болашағы үшін маңызды үндеуін жариялап, ел халқына белсенділігі мен жоғары патриотизмі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіруге қатысқан азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың еңбегін атап өтті.
Еліміздің тағдыры әрқайсымыздың қолымызда. Ел болып бірігіп, жаңа қадамымызды нық басайық!
Нұрбек АҚПАНБЕТОВ,
Қазалы қалалық жастар
ресурстық орталығының директоры