Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елеулі өзгерістер – ел ертеңі үшін

Елеулі өзгерістер – ел ертеңі үшін

Таң атысымен елдегі елеулі өзгерісті қолдауды мақсат еткен қалың жұрт қарасы нөмірі 61-інші сайлау учаскесіне қарай ағылды. Учаскелік комиссия төрағасы Зейнегүл Жүсіпова мен №216 мектеп директорының міндетін атқарушы Бектас Бекетов бастаған ұжым учаскеге келген әрбір азаматқа талмай еңбек етуде.
Аталмыш учаскеге кент тұрғыны Сержан Берден қария немересімен бірге келіп таңдауын  жасады.
- Жұма күні ел президенті телеарнадан халыққа үндеу жасаған болатын. Онда референдумның ел тарихында ойып алар орны ерек екенін айтқан болатын. Біз де осы бір елеулі өзгерісті қолдауға, Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды таңдау жасауға келіп отырмыз, - деп сөзін түйіндеп,  бүгінгі игі бастамының басында жүргендерге ризашылығын білдіріп, батасын берді. Ел игілі үшін жасалып жатқан науқаннан жасына қарамай келіп, өз таңдауын жасағаны үшін қарияға құрмет көрсетіліп, сый табысталды. 
#референдум #қазалыауданы
05 маусым 2022 ж. 501 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930